01.09.2018, 14:05 7197

Алматыда таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады

Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасы" аясында Алматыда таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады.Қазірдіӊ өзінде 4 мыӊ орынды 7 жатақхана құрылыстары басталды. Олардыӊ төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі.

Алматы. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Бес әлеуметтік бастамасы" аясында Алматыда таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады.Қазірдіӊ өзінде 4 мыӊ орынды 7 жатақхана құрылыстары басталды. Олардыӊ төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі.

Бүгін 240 мыӊнан астам алматылық оқушылар үшін алғашқы қоӊырау соғылды, олардыӊ 25 мыӊы - бірінші сыныптықтар. Дәл осы күні Алматыда 2300 орынды тағы жаӊа төрт мектеп есіктерін айқара ашты.

Еске салсақ, Алматыда биылғы жылы білім ошақтарын салу мен күрделі жөндеуден өткізуге 17 млрд. теӊгеден астам қаржы бөлінді.

1840 орынды 9 мемлекеттік бала бақша құрылысы жүруде.Жаӊа оқу жылында 840 орынды тағы 4 мемлекеттік бала бақшаныӊ құрылысы басталады.

№26 мектептіӊ ескі ғимараты жаӊарды. 90 орынды коррекциялық бала бақша ашылды. Алатау ауданындағы №151 мектеп жанынан салынған 600 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді.Оқу жылыныӊ екінші тоқсаныныӊ басында мұнда 600 орынды мектеп пен №184, 185 мектептер жанынан әрқайсысы 400 орынды қосалқы нысандар ашылатын болады.

Солардыӊ бірі - Алматыныӊ Наурызбай ауданында 1200 орынды жаӊа мемлекеттік мектеп ашылды.

Алматыға жақында қосылған Наурызбай ауданында 1200 орынды жаӊа мемлекеттік мектеп ашылды, мұнда ерекше білімді қажет ететін балалардыӊ тереӊ әрі сапалы дәріс алулары үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала әкімі Бауыржан Байбек таяуда ғана пайдалануға берілген 1200 орынды мектептіӊ оқушыларымен және олардыӊ ата- аналарымен кездесті.


Жаӊа оқу орнында робот техникалары кабинеттері, физика мен химияныӊ арнайы сыныптары, ата - аналардыӊ қонақ бөлмелері, ойын алаӊдары және басқалары бар. Мұнда сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше мән берілген, сондықтан барлық жабдықтар мен мектеп жиһаздары қабырғаларға мықтап бекітілген.

Мектеп ғимараты тактильді жолмен, соқыр және арнайы шырақтардыӊ өзімен әреӊ көретін балалар үшін Брайльдіӊ рельефті- нүктелі шрифтері арқылы дәріс беретін сыныптармен, арнайы санитарлық бөлмелермен және шақыру нүктелерімен толық қамтамасыз етілген.

"Барынша қолайлы және жақсы мектеп. Арбамен жүруде еш кедергі болмау үшін лифт жұмыс істейді. Біз осыдан төрт жыл бұрын Қытайдан туған Отанымызға оралған болатынбыз. Өкінішке орай, меніӊ Зәруім сынды балалардыӊ онда білім алуларына еш мүмкіндік жасалмаған. Мен туған еліме оралуды, қызымныӊ Қазақстанда білім алуын армандадым. Мемлекет басшысына рахмет, елімізде балалардыӊ білім алуы үшін барлық жағдайлар қарастырылған, жат жұрттан келсек те бізді ешкім өзгелерден бөлген жоқ, қайта құшақтарын ашты. Арманым, қызымныӊ өз аяғымен тік тұруы", - деді бірінші сынып оқушысы Молдасан Гүлбібініӊ анасы.

Бірінші сынып оқушысыныӊ өзі жаӊа мектептіӊ ұнайтынын және сыныптастарымен танысқанын айтты.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны