05.07.2018, 15:09 6033

Алматыда тамыздан бастап бірқатар көшелерге біржақты көлік қозғалысы енгізіледі

Алматыда көлік қозғалысыныӊ Кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізіледі. Мысалы,Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін батыс бағытта. Гоголь көшесі бойымен Иуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда көлік қозғалысыныӊ Кешенді сызбасын ұйымдастыру аясында кіші көлік айналымы шекарасындағы Жамбыл, Қарасай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Гоголь, Мұратбаев және Шәріпов көшелеріне біржақты көлік қозғалысы енгізіледі.

Мысалы,Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін батыс бағытта. Гоголь көшесі бойымен Иуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін шығыс бағытта.

Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін шығыс бағытта.

Қарасай батыр көшесі бойымен батыс бағытта Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін. Жамбыл көшесі бойымен шығыс бағытта Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін.

Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даӊғылынан Шевченко көшесіне дейін оӊтүстік бағытта. Шәріпов көшесі бойымен Абай даӊғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта.


Бұл шара кереғар нүктелерді 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистральды көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. Аталған учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру өткізу жолға кететін уақытты орташа 17%-ға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.

Гоголь, Мақатаев және Қабанбай батыр көшелері бойында жолаушылар көліктері үшін арнайы жолақ жасалады, соныӊ арқасында (сызбада көрсетілгендей) кедергісіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдықты төмендету ісі қолға алынды, соныӊ арқасында жоғарыда аталған учаскелерде жоғары жылдамдық 40 км/сағат. Көлік қозғалысыныӊ жаӊа сызбасы биылғы жылдыӊ 5 тамызында енгізіледі.

Еске салсақ, өткен жылы біржақты көлік қозғалысы Шевченко және Құрманғазы көшелеріне енгізілген еді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны