19.10.2016, 16:18 7357

Алматыда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын тойлау қарсаӊында грек жаӊғағыныӊ 50 ағашы отырғызылды

Алматыда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын тойлау қарсаӊында қала әкімініӊ жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия өкілдері грек жаӊғағыныӊ 50 ағашын екті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығын тойлау қарсаӊында қала әкімініӊ жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия өкілдері грек жаӊғағыныӊ 50 ағашын екті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Тұтастай алғанда, қарашаныӊ аяғына дейін 16 мыӊ ағаш отырғызу жоспарлануда, олардыӊ басым бөлігі бастамашылық және орнын толтыру-қалпына келтіру жұмыстарыныӊ есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды қалалық табиғи ресурстар басқармасынан.

Алатау және Медеу аударындарыныӊ әрқайсысы 200 ағаштан, Жетісу ауданында 50 ағаш егілді. Сондай-ақ, Тұӊғыш Президент саябағында Отбасылық Аллея пайда болды. Бұл аллеяда ағаш егуді қаладағы бастамашылардыӊ бірі, журналист С.Пономаренко бастап, акцияға арналған ағаштарды ұсынды.

"Күз - ағаш егуге еӊ қолайлы кезеӊ. Алғашқы қатқақ келісімен ағаштар ұйқыға кетеді де, белсенділігі төмендейді. Осындай тыныштық жағдайында олар қайта отырғызудан болатын стресс ықпалына берілмейді. Сәйкесінше, олардыӊ шыдамдылық деӊгейі арта түседі" - дейді Алматы қалалық Табиғи ресурстар басқармасыныӊ реттеу және табиғатты пайдалану бөлімініӊ басшысы Гүлнар Саржанова.

Еске сала кетейік, биылғы көктемде бастамашылық және орнын толтыру жұмыстарыныӊ есебінен 29 мыӊ ағаш егілген болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын тойлау іс-шараларын өткізу мен оларға дайындықты сапалық жоғарғы деӊгейде ойластырудыӊ маӊызына тоқталған.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Алматыныӊ мыӊжылдық мерекесімен құттықтап, осы оқиғаныӊ тарихи мәнін атап өтті.

- Бұл дата ЮНЕСКО-ныӊ Адамзаттыӊ атаулы және мерекелік күндері күнтізбесіне енген. Аталған шешім Алматыныӊ өӊірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлініӊ айрықша екенін көрсетеді. Алатау бөктеріндегі қастерлі өлке өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Бұл жерден алып Еуразияныӊ Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оӊтүстігін жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпыадамзаттық магистраль - Ұлы Жібек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетісу Қазақ хандығыныӊ бесігі болды. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия аймағыныӊ урбанистік мәдениетініӊ басты ошағыныӊ бірі пайда болды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы ХХ ғасырдыӊ оқиғаларындағы Алматыныӊ айрықша рөліне назар аударды.

- Қала 1929 жылы Қазақстанныӊ астанасы атанып, кейіннен миллиондаған тұрғыны бар мегаполиске айналды. Алматыға егемен Қазақстанныӊ алғашқы астанасы болу мәртебесі бұйырды. Сондықтан біз бүкіл халық болып қаланыӊ мыӊжылдығын Отанымыз Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы белесінде мерекелеудеміз. 1995 жылы жалпы халықтық референдумда республика Конституциясы қабылданды. Осы қалада "Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" конституциялық заӊға қол қойылды. Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осы шаһарда жаӊа елорда - Астана туралы тарихи қаулы қабылданды, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистіӊ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері әрқашан мемлекеттіӊ басты назарында екенін атап өтті.

- Былтыр қаланыӊ 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Ол тұрғындардыӊ өмірін, қаланыӊ экологиялық жағдайын жақсарту, бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі нақты шараларды қамтиды. Қазіргі Алматы - Қазақстанныӊ батыл әрі қарқынды дамуыныӊ көрінісі. Соӊғы 5 жылдыӊ өзінде қала аумағы 2 есе өсті. Тұрғындардыӊ жалпы саны - бір миллион жеті жүз адам. Алматы метрополитенінде қазірдіӊ өзінде 30 миллионнан астам жолаушы тасымалданды. 2017 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолыныӊ құрылысы басталады. Ол "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық магистралініӊ бір бөлігі болмақ. "Инновациялық технологиялар саябағы" арнайы экономикалық аймағы құрылып дамытылуда, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті республикадағы барлық кәсіпкерлік сектордағы өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтіӊ төрттен бірін қамтитын шағын және орта бизнес субъектілерініӊ маӊызды рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Универсиадаға дайындық халықтыӊ жұмыспен көбірек қамтылуына, қаланыӊ туристік саласыныӊ дамуына жаӊа серпін бергеніне назар аударды.

- Оныӊ бірегей нысандарыныӊ құрылысына 107 миллиард теӊге инвестиция тартылды. Соныӊ арқасында мыӊ жарым шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтылып, 30 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орны ашылды. Қысқы Универсиадаға 57 елден 2 мыӊнан астам спортшы қатысады. Алматыныӊ туристік кластерін дамыту арқылы қаланыӊ 90 мыӊ тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі, - деді Елбасы Алматыныӊ 1000 жылдығына арналған гала-концертке қатысу барысында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны