19.09.2016, 11:19 3914

Алматыда "Tech Garden Fair" технологиялық фестивалі өтті

Өткен демалыс күндері Алматы қаласыныӊ мыӊжылдығын тойлау рәсімдері аясында Tech Garden Fair халықаралық технологиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өткен демалыс күндері Алматы қаласыныӊ мыӊжылдығын тойлау рәсімдері аясында Tech Garden Fair халықаралық технологиялық фестивалі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Tech Garden Fair - жас ғалымдардыӊ, әзірлеушілердіӊ, стартаптардыӊ инновациялық потенциалдарын дамытып, жүзеге асыруға бағытталған Орталық Азиядағы еӊ ірі технологиялық фестивальдердіӊ бірі болып табылады. Фестиваль 17-ші қыркүйек күні "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағында ("ИТП" АЭА) өткізіліп, қатысушыларға қатысушыларға инновация әлемімен, үмітті стартаптармен, технологиялармен танысуға, озық салалық сарапшылардыӊ мастер-класстарын тыӊдап шығуға мүмкіндік берді.

Іс-шараны ҚР Инвестициялар және даму министірлігі қолдауымен "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры өткізді. Фестивальдіӊ өткізілуіне ұйымдастырушылық қолдауын Алматы қаласыныӊ әкімдігі көрсетті.

Фестивальдіӊ ашылу рәсімін Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Е.Иукенов өзініӊ алғы сөзімен бастады. Иукенов мырза қатысушыларға, сонымен қатар, шараныӊ әріптестері мен ұйымдастырушы Almaty Tech Garden-ге алғысын білдірді. Оныӊ айтуынша, Tech Garden Fair жас инноваторлармен қоса, түгел қоғам үшін аса маӊызды уақиға болып табылады. Сонымен бірге, Иукенов мырза жас инноваторлардыӊ потенциалдарын жүзеге асырудағы фестивальдіӊ рөлін жоғары бағалады. Осындай жобалардыӊ еӊ үздіктері Алматыныӊ қоғамдық өмірініӊ барлық бағыттарын жақсартуға мүмкіндік береді

Фестивальдіӊ барысында ИТП "АЭА"-ныӊ он жылдығына бағышталған арнайы информациялық сессия өтті. Оған АЭА-ға енуге қызығушылық танытатын 40-тай компаниялардыӊ өкілдері қатысты. Almaty Tech Garden бас директоры Санжар Кеттебеков қатысушыларды ИТП "АЭА" жайлы арнайы декреткермен, оныӊ жеӊілдіктері мен артықшылықтары жайлы ақпарттармен таныстырып шықты. Сонымен бірге, АЭА-ныӊ екінші кезегімен осы жылдыӊ аяғына дейін салынатын, инфрақұрылымдық объектілерімен таныстыру үшін оныӊ территориясында арнайы экскурсия өткізілді. Соныӊ ішінде, стартаптар мен инновациялық компанияларға соӊғы технологиялармен жабдықталған жұмыс орындарын қамтамасыз ететін Almaty Tech Garden Lab арнайы орталығы салынып бітуде.

Іс-шараныӊ негізігі уақиғасы ретінде жас ғалымдар, әзірлеушілер мен стартаптарға арналған Tech Garden Cup және Startup Dayатты әдейі технологиялық байқаулар өтті. Олардыӊ барысында қатысушылар нарық көшбасшыларыныӊ нақты мәселелеріне өз шешімдерін ұсынды.

Tech Garden Cup байқауына өз мәселелерін Алматы қаласын дамыту орталығы, Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ, UNDP/GEF, Элтекс Алатау сияқты ұйымдар тапсырды. Байқаудыӊ бірінші күні ҚБТУ-да, фестивальдіӊ ашылуынан бір күн еретерек басталып, қатысушыларға берілген мәселелер жайлы кеӊес алуға мүмкіндік берді. Өз шешімдерін олар келесі күні фестивальдіӊ барысында қазылар алқасыныныӊ алдында таныстырды. Startup Day байқауыныӊ аясында стараптар жер-қойнауын қолданушылардыӊ технологиялық мәселелерін шешіп көрді. Мәселердіӊ тізімі Almaty Tech Garden веб-сайтында алдын-ала орналастырылған болатын.

Фестивальге қатысушылардан барлығы 500-дей сұраным қарастырылды. Байқау әріптестері ФинТех, Индустрия 4.0, Ақылды орта тәрізді бағыттар бойынша 60-тан аса технологиялық мәселелерін ұсынды. Технологиялық байқаулардыӊ нәтижесімен бірнеше бағыттар бойынша 30-ға жуық жеӊімпаздар анықталды. Олар маселелерді ұсынған шара әріптестерініӊ арнайы сыйлықтарына ие болып, Almaty Tech Garden негізінде Орта Азиядағы еӊ үздік акселерация барысыныда өз жобаларын жетілдіріп, жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Анықтамалық ақпарат:

Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры (Almaty Tech Garden брендімен жұмыс атқарады) өз қызметін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заӊына сәйкес жүргізеді. Қазақстан Республикасыныӊ Президенті "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерініӊ Қамқорлық кеӊесініӊ төрағасы болып табылады. "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қорыныӊ Басқарушы комитетін Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі басқарады.

"ИТП" ДКҚ бейкоммерциялық ұйымы "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағыныӊ басқару мекемесі болып табылады. "ИТП" ДКҚ-ныӊ әрекеті инновацияға деген сұранымды нығайту мен ынталандыруға, ғылыми зерттемелерді және стартаптарды инкубациялауға, сонымен қатар, жоғары технологиялы компаниялардыӊ дамуына инвестиция тартуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны