12.10.2015, 15:17 3933

Алматыда тілшіні соққыға жыққан жігітті тауып бергендерге 1 миллион сыйақы беріледі

Бұзақы үшін сыйақы тағайындалды. 4 күн бұрын Алматыда журналист, әрі блогер Ботагөз Жұманованы тепкілеп кеткен адамды табу үшін бизмесмендер қомақты қаржы ұсынып отыр. Бұл тергеу жұмысына оӊ нәтиже береді деген сенім

Астана. 12 Қазан. Kazakhstan Today - Бұзақы үшін сыйақы тағайындалды. 4 күн бұрын Алматыда журналист, әрі блогер Ботагөз Жұманованы тепкілеп кеткен адамды табу үшін бизмесмендер қомақты қаржы ұсынып отыр. Бұл тергеу жұмысына оӊ нәтиже береді деген сенім бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ботагөз Жұманованы 8-ші қазан күні кешкісін соқталдай жігіт тура үйініӊ кіреберісінде тепкілеген болатын. Бақылау камерасына түсіп қалған мына кадрлерде блогердіӊ соӊынан спорттық киім киген жас жігіттіӊ еріп келгені анық көрінеді. Бұзақы есік үстіндегі камераға да еш қымсынбай қарап, кейін бейжай тұрған журналисті жұдырықпен басынан ұрып сұлатты. Жерге құлаған соӊ бірнеше рет тепкен. Ауыр соққыдан миы шайқалып, мұрыны сынған Ботагөз қазір ауруханада жатыр. Қастандық журналистіӊ қызметіне қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі бақылауға алғандарын хабарлады, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Ерлан Нұрпейісов, бизнесмен:

-Бұзақыны тезірек табу үшін жарияланған сыйақыны толықтырғысы келген азаматтар көп. Сыйақы көлемі 100 мыӊнан 1 миллионға таяп қалды. Бұл тек журналистке жасалған қастандық емес, бұл бүкіл қоғамға жасалған қылмыс деп білеміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны