17.05.2016, 16:42 3717

Алматыда толассыз жауған жаӊбырдан 127 жеке үйдіӊ ауласы суға толды

"Барлығы жеке үйлердіӊ ауласын су басқаны жайлы 127 дерек бар. Олардыӊ көпшілігі Алатау ауданында болған. Мұнда 87 аула суға қалса, Наурызбай ауданында 17, Жетісу ауданында 15, Медеу ауданында - 5, Түрксіб ауданында 3 ауланы су алған. Жалпы алғанда 18 үйдіӊ ауласы мен 109 аула аймағы судыӊ астында қалды"

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда толассыз жауған жаӊбырдан қаланыӊ 5 ауданындағы 18 үйдіӊ ауласы суға толды. Бұл мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеше кешкі 16:00-ден бастап толассыз жауған жауын салдарынан ТЖД "112" қызметіне шұғыл қоӊыраулар келе бастаған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Барлығы жеке үйлердіӊ ауласын су басқаны жайлы 127 дерек бар. Олардыӊ көпшілігі Алатау ауданында болған. Мұнда 87 аула суға қалса, Наурызбай ауданында 17, Жетісу ауданында 15, Медеу ауданында - 5, Түрксіб ауданында 3 ауланы су алған. Жалпы алғанда 18 үйдіӊ ауласы мен 109 аула аймағы судыӊ астында қалды", - деді Р.Иманқұлов.

Қазіргі таӊда оқиға орнында қалалық ТЖД апатты қалпына келтіру жасағы, Құтқару қызметі, аудандық ТЖД бөлімініӊ қызметкерлері, инженерлік қызмет, сумен қамту қызметі жұмыс жасап жатыр. Барлығы 180 адам, 53 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Айта кету керек, бүгін әрі ертеӊ де төтенше жағдай қауіптілігі сақталады. Қазгирометтіӊ болжауынша, бүгін Алматы мен облыста, ОҚО мен Жамбыл облыстарында көп мөлшерде жауын-шашын түсуі ықтимал.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны