14.08.2018, 23:08 7091

Алматыда "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқау басталды

Жалпы, байқау 2 деӊгейден тұрады: аудандық және қалалық. Аудандық сайыста үздік шыққан үш оқушы қалалық байқауда бақ сынайды. Яғни, Алматыдағы 8 ауданнан іріктеп алынған 24 оқушы жүлделі орындарды өзара сарапқа салады.

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласындағы мектеп оқушылары (6-10 сынып) арасында "Тұлпар мініп, ту алған!" атты әдеби және тарихи-танымдық байқау басталды.

Алматылық оқушылар батырлар жырын жатқа айтудан ұлттық байқауда бақ сынамақ.

Жобаға биыл "Алпамыс батыр" жыры арқау болады.

Байқауға 6 және 10 сыныптар арасындағы кез келген оқушы қатыса алады. Екі кезеӊнен тұратын доданыӊ басты мақсаты - жастарды кітап оқуға баулып, ұлттық рухты сіӊіру және дарынды балаларға барынша қолдау көрсету.

Байқау 5-15 қыркүйек аралығында аудандық деӊгейде және 28 қыркүйекте қалалық деӊгейде (мәре) ұйымдастырылады.

Байқауда қатысушылар "Алпамыс батыр" жырын жатқа айтып, жырда кездесетін көнерген сөздердіӊ мән-мазмұнын түсіндіріп, мектеп бағдарламасы бойынша қазақ әдебиеті пәнініӊ оқу бағдарламасы негізінде әзірленген сұрақтарға жауап берулері тиіс.

Жүлде қоры - 3 миллион теӊгені құрайды. Жеӊімпаздардыӊ есімі 28 қыркүйек күні белгілі болады. Ал жүлдегер атанған әр оқушыныӊ ұстазы Англияға ағылшын тілін үйрену курсына жіберіледі.

"Жалпы бұл "Тұлпар мініп, ту алған" деген ұлттық жоба мемлекет басшысыныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында Алматы қаласы әкімдігініӊ бастамасымен қолға алынып жатыр. Біздіӊ қоятын талабымыз - балалар тек жырды жаттап қана қоймай, оныӊ ішіндегі көнерген сөздерді, жер-су атауларын, олардыӊ мәнін білуі керек. Өйткені, қазылар алқасы сұрақ қойып отырады", - деді ақын, ұлттық жоба жетекшісі Серік Сейітман.

Шараныӊ басты мақсаты:

- балалар арасында кітап оқуды, оныӊ ішінде қазақ халқыныӊ батырлық эпостарын насихаттау;

- өскелеӊ ұрпақтыӊ шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

- балаларды халық поэзиясына, қазақ халқыныӊ рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;

-дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;

Байқау же?імпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

І орын (біреу) - 1 500 000 теӊге;

ІІ орын (біреу) - 1 000 000 теӊге;

ІІІ орын (біреу) - 500 000 теӊге.

Ал, осы жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған мұғалімдерге Оксфорд қаласында (Ұлыбритания) ағылшын тілі курстарынан өтуге жолдама беріледі.

І орын (біреу) - 3 ай;

ІІ орын (біреу) - 2 ай;

ІІІ орын (біреу) - 1 ай.

Айта кетейік, байқауды Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен R-Media компаниясы ұйымдастырып отыр. Жоба жетекшілерініӊ айтуынша, байқауға қызығушылық танытып, оныӊ ауқымды өтуіне ниет білдіріп жатқан ұйымдар көп. Солардыӊ бірі - Ұлттық аударма бюросы. Аталған қоғамдық қор бүгінде Мемлекет басшысыныӊ "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасын жүзеге асырып келеді. Енді батырлар жырларыныӊ балалар арасында кеӊінен таралуына үлес қоспақ ниетте.

Ал, алматылық балалардыӊ дәл бұлайша белсенділік танытуы бекер емес. Байқауды жеӊген оқушыға 1 500 000 теӊге ақшалай сыйлық беріледі. Тиісінше, екінші орынға - 1 000 000, үшінші орынға - 500 000 мыӊ теӊге жүлде тағайындалған. Сондай-ақ, оларды жыр сайысына дайындаған ұстаздары да назардан тыс қалмақ емес. Жүлделі орын алған әрбір оқушыныӊ мұғалімі Англияныӊ Оксфорд қаласына барып, тіл білімін жетілдіретін мектепте ағылшын тілін үйреніп келеді.

Жалпы, байқау 2 деӊгейден тұрады: аудандық және қалалық. Аудандық сайыста үздік шыққан үш оқушы қалалық байқауда бақ сынайды. Яғни, Алматыдағы 8 ауданнан іріктеп алынған 24 оқушы жүлделі орындарды өзара сарапқа салады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны