13.07.2007, 15:45 2957

Алматыда тұрғын үй салуға үлес қосқан 200-дей адам қалалық әкімшіліктен бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысын салып бітірмей сөзбұйдаға салған құрылыс компаниясына қатысты мәселені шешуді сұрайды

АЛМАТЫ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда тұрғын үй салуға үлес қосқан 200-дей адам қалалық әкімшіліктен бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысын салып бітірмей сөзбұйдаға салған "Алматыинвестстрой" құрылыс компаниясына қатысты мәселені шешуді сұрайды. Олар бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атына осындай хат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

АЛМАТЫ. 13-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда тұрғын үй салуға үлес қосқан 200-дей адам қалалық әкімшіліктен бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысын салып бітірмей сөзбұйдаға салған "Алматыинвестстрой" құрылыс компаниясына қатысты мәселені шешуді сұрайды. Олар бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың атына осындай хат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Икімшілік ғимаратының жанында жиналғандардың айтуынша, олардың бәрі де "Алматыинвестстрой" құрылыс компаниясы салуға тиіс бірнеше тұрғын үй кешенінің құрылысына өз қалталарынан қаржы қосқан. Үлес иелерінің ақпаратына сәйкес, бұл компания 2004-жылы Мұқанов және Төле би көшелерінің маңында жер телімін алып, адамдардан ақша жинап алған. Алайда, үй 2005-жылдың ІІ тоқсанында пайдалануға берулуге тиіс болғанына қарамастан, құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге дейін басталған жоқ.

Үлес иелерінің ақпаратына сәйкес, 2005-жылы Алматы қалалық әкімшліігі бес тұрғын үй салу үшін Өтепов пен Тәжібаев көшелерінің қиылысында тағы бір жер телімін берген, бұл үйлер 2006-жылдың аяғы- 2007-жылдың басында пайдалануға берілуге тиіс болған. "Алайда, құрылыс компаниясы бүгінгі күнге дейін тек құрылыс салу мерзіміне қатысты міндеттемесін ғана бұзумен шектелмей, жерді сатып алу, ондағы құрылыстарды бұзу және құрылыс салаңдарын дайындау жұмыстарын да қолға алған жоқ. Міндеттеменің мерзімі өткелі бір жылдан асты",- делінген үлес иелерінің И.Тасмағамбетовтың атына жолдаған хатында.

"Өтепов пен Тәжібаев көшелерінің қиылысында бой көтеруге тиіс тұрғын үй кешеніне қатысты ахуал Мұқанов пен Төле би көшелерінің қиылысында салынуға тиіс "жобаның" кебін кигенін ескерсек, бұл жоба да құрылыс салуды емес, ақша жинауды ғана көздегенге ұқсайды", - делінген хатта.

Алданған үлес иелірінің бастамашыл тобының мүшесі Яна Исакованың айтуынша, олар қалалық прокуратураға, ҰҚК-нің Алматы қалалық департаментіне, Алматы қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне де шағымданған, алайда "Алматыинвестстрой" құрылыс компаниясына қатысты ешбір шара қолданылмаған, ал шағымға "шығарым салма ғана жауаптар берілген".

"Жер телімдерін бөлу жөніндегі барлық құжаттарға Тасмағамбетов пен оның орынбасары Заяц қол қойған. Бізді қызықтыратыны, жер телімдерінің қандай негізде берілгендігі, ал бұл жерлер сонау Қаскелеңде немесе қала сыртында емес, қаланың орталығында, онда жеке меншік жер үйлер көп, олармен есептесіп, үйлерін бұзу керек. Ал "Алматыинвестстрой"компаниясының есепшоты бос", - деп атап өткен Я. Исакова шенеуніктер олардың проблемасын шешпей уақытты созып отыр, дейді. "Адамдар біздің кебімізді кигенін қаламайтындықтан, бізді бұл мәселе алаңдатады. Бұл іс жүзінде "пирамида", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны