20.04.2006, 10:14 3654

Алматыда Ү Еуразиялық МедиаФорум басталды

АЛМАТЫ. 20-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Алматыда Ү Еуразиялық МедиаФорум басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Конференцияның алғашқы күні “Фокус Азия Продакшнс” компаниясының атқарушы продюсері Джим Лори мен Еуразиялық МедиаФорумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумға қатысушыларға жолдау арнайды.

Форум аясындағы пікірталастар кезінде мынадай тақырыптар талқыланады деп күтілуде: энергетикаға қатысты дүниежүзінде қалыптасқан ахуал және Қытай мен Үндістанның ролі арқан қазіргі жағдайдағы Орталық Азияның экономикалық және геосаяси ролі; халықаралық электрондық БАҚ-тарды дамыту технологиялары мен үлгісіне қатысты негізгі ағымдар; қазіргі қоғамда мультимәдениет пен төзімділік принциптерін қалыптастыру проблемалары; мәдениеттер мен діндер арасындағы тайталасты еңсеруде баспасөз атқаратын роль.

Форумға жетекші халықаралық және аймақтық БАҚ-тардың өкілдері, танымал саясаткерлер, әлемдік медиақоғамдастықтың жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар мен іскертоп өкілдері қатысады. Олар әлемдік және аймақтық даму проблемалары мен БАҚ-тардың оларға ықпалы жайында талқылайды.

2005-жылдың сәуір айында өткен ІҮ Еуразиялық МедиаФорумға Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка мен Африканың 35 елінен 300-ден астам адам қатысты. Былтырғы бас қосуда лаңкестік әрекеттер туралы ақпараттар тарату проблемасы, медиа-заңнама, Орталық Азия мен одан басқа жерлердегі ахуал тәртізді өзекті әрі пікірталас тудыратын тақырыптар талқыланды.

Еуразиялық МедиаФорум Қазақстанда 2001-жылы коммерциялық емес әрі үкіметтік емес ұйым ретінде тіркелген. Еуразиялық МедиаФорумның мақсаты – Еуразиялық БАҚ-тардың кәсіби дамуына қолдау көрсету және Еуразия аймағының даму ерекшеліктері туралы ақпараттарды тарату және Батыс пен Шығыс арасындағы ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізу болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны