09.04.2013, 11:28 2592

Алматыда Ил-Фараби және Розыбакиев көшелерінде жол кептелісі орын алды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 15-ші сәуіріне дейін жалғасады.

Алматы. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда Ил-Фараби және Дулати көшелерінде жол айрығы құрылысы жүргізілуіне байланысты Ил-Фараби мен Розыбакиев көшелерінде жол кептелісі орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бұл жұмыстар ағымдағы жылдың 15-ші сәуіріне дейін жалғасады.

Жол полициясы қызметкерлері кептелістің алдын алу үшін жүргізушілерге бағытын алдын ала ойластырып, жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Естеріңізге саламыз, 2013 жылы Алматыда 6 жол айрығының құрылысы аяқталады. Соңғы 5 жылда оңтүстік астанада алты жол айрығы салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны