08.06.2017, 17:09 5073

Алматыда "Ұлы дала рухы-2017" Халықаралық этнофестивалі өтеді

24-25 маусымда Алматы қаласындағы "Боралдай" археологиялық паркінде "Ұлы дала рухы-2017" Халықаралық этнофестивалі өтеді. Фестивальға әлемніӊ 10 елінен өкілдер қатысады.

Алматы. 8 маусым. Kazakhstan Today - 24-25 маусымда Алматы қаласындағы "Боралдай" археологиялық паркінде "Ұлы дала рухы-2017" Халықаралық этнофестивалі өтеді. Фестивальға әлемніӊ 10 елінен өкілдер қатысады. Басты мақсаты - қазақстандықтар мен шет елдік қонақтарға көшпенділер мәдениетін, қазақтыӊ ежелгі тарихы мен салт-дәстүрін көрсету.

Бағдарламаныӊ ауқымы кеӊ. Екі күнге созылатын фестиваль уақытты кері айналдырып, өткен тарихқа саяхат жасатады.

"Ұлы дала рухы-2017" екінші халықаралық фестивальда он екі қанатты ақшаӊқан 60 үй қаз-қатар тігіледі.

Фестиваль шеӊберінде Көшпенділер шеруі, 10 мемлекеттен келген ат құлағында ойнайтын шабандоздардыӊ сан түрлі өнері, Еӊ үздік этномузыканттар, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, асауға тұсау салу, Қол өнерші мен шеберлердіӊ , ұсталардыӊ өнері, Балалар алаӊы, Алтыбақан, Күй тартыс, Қыран құс, Құмай-тазы т.б .ұлттық құндылықтар мен ата-баба мұрасы, Түнгі алау басындағы ойындар мен музыка өтеді.

Сондай-ақ,көрермендер арасынан "Еӊ әдемі ұлттық киім" таӊдалып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, сан-алуан сайыстар ұйымдастырылады.

Тақырыпқа байланысты секторлар жұмыс істейді. Мәселен, "Алмалы" атты қолөнершілер ауылында шеберлік сабақтары өткізіледі. Көрермендер тек тамашалап қана қоймай, маманныӊ көмегімен саздан құмыра жасап көреді. Ал "Шабыт" музыканттар ауылында байқау ұйымдастырылады. Көрермендер түрлі аспаптарда ойнап, бақтарын сынайды, ұлттық тағамдардан дәм татып, жасау құпиясымен танысады, кәсіби бүркітшілер мен палуандардыӊ өнерін тамашалайды. Осылайша, келген көрермендер, меймандар көшпенділер өмірін өз көздерімен көріп, тұрмысымен танысады. Сондай-ақ, көрермендер арасынан "Еӊ әдемі ұлттық киім" таӊдалып, сыйлық беріледі.

Фестивальға кіру тегін.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, "Боралдай" археологиялық паркі. Тұрғындарды жеткізу жағы да қарастырылған. "Орталық стадион" аялдамасы мен "Алатау" дәстүрлі өнер театрыныӊ жанынан әр сағат сайын арнайы автобустар жүреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны