10.09.2018, 21:10 5287

Алматыда ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті

Алматыда "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ел" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Kinoplexx Sary Arka" кинотеатрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ел" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті. Режиссері - Ерген Тоқмурзин.

1918 жылдыӊ 8-23 қыркүйегі аралығында Ресейдіӊ Уфа қаласында Мемлекеттік мәжіліс өтті. Мәжіліске Ресейдіӊ сол кездегі большевизмге қарсы барлық саяси күштері қатысты. Осы мәжілісте Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық күрес мүддесін заӊды түрде қорғаудыӊ үлгісін көрсетті.

"Алаш туы астында" атты деректі фильмніӊ алғашқы көрсетілімі 100 жыл бұрын өткен осы датаға үйлестіріліп отыр.

Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерініӊ ізімен Семейдіӊ Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы "Сібір" қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген.

- Фильм Ресейдіӊ төрт қаласында түсірілді. Осындай ірі қалаларда түсірілім жұмыстарын жүргізу оӊай емес екенін кино саласында жүрген азаматтар жақсы біледі. Кремльде, бұрыӊғы Смольныйда, бұрыӊғы Дума отырған Таврия сарайында түсірілім жүргізу үшін арнайы аккредитация алу керек. Тіпті рұқсат алу үшін кейде бір жылдай уақыт кетеді екен. Алайда, Қазақстанныӊ Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов пен елшіліктіӊ баспасөз хатшысы Жанар Колбачаева бізге үлкен қолдау көрсетті. Осы орайда фильмніӊ түсіру тобы Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігіне алғыс білдіреді, - деді фильмніӊ сценарий авторы Болат Мүрсәлім.

- Бұл фильм Алаш қозғалысы тақырыбында сауатты түсірілген еӊ алғашқы концептуалды фильм деп айта аламын. Осындай идеямен қанаттанып, жігерлік көрсетіп, Алаш қозғалысына қатысты барлық қалаларда болып, ақпарат жинаған фильмніӊ түсіру тобына, сценарий авторы Болат бауырыма алғысымды білдіремін, - деді фильмніӊ Бас ғылыми кеӊесшісі, белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді.

Айта кетсек, "Алаш туы астында" фильмі үш бөлімнен тұрады. "Оян, қазақ!" атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысыныӊ қалыптасу кезеӊі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетініӊ ықпалы, қазақ баспасөзініӊ бастаулары, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас мәселелерініӊ түйткілді тұстары айтылады.

Екінші бөлім "Жарияланбаған автономия" деп аталады. Бұл бөлімде 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметініӊ қызметі тереӊінен қамтылған. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, неге автономияны таӊдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? И.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы Мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады? Екінші бөлім осы сипаттағы сауалдарға жауап іздейді.

"Қатерлі өткел" деп аталатын үшінші бөлім - 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерініӊ Кеӊестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голощекинніӊ қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен көрсетіледі.

"Алаш туы астында"

Фильмніӊ Бас кеӊесшісі - Мәмбет Қойгелді

Шығармашылық кеӊесшісі - Тұрсынжан Шапай

Режиссері - Ерген Тоқмурзин

Сценарий авторы және әӊгімелеушісі - Болат Мүрсәлім

Қоюшы операторы - Мұстафа Өнер

Композиторы - Бейбіт Ақош

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны