01.06.2018, 17:38 10189

Алматыда Ұлттық аударма бюросыныӊ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлымен U38 Университеттер альянсыныӊ кездесуі өтті

"Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында 2018 жылғы 31 мамырда Ұлттық аударма бюросыныӊ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлымен U38 Университеттер альянсыныӊ кездесуі өтті.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Ел болашағы жастардыӊ білім алуына, алдыӊғы қатарлы мемлекеттердіӊ озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар:рухани жаӊғыру" бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан Мемлекет басшысы "Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасын қолға алуды тапсырды. Гуманитарлық білімніӊ барлық бағыттары бойынша әлемдегі еӊ жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таӊдаулы үлгілердіӊ негізінде білім алуға мүмкіндік жасау - алдағы бірнеше жылдыӊ үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады.

"Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында 2018 жылғы 31 мамырда Ұлттық аударма бюросыныӊ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлымен U38 Университеттер альянсыныӊ кездесуі өтті.

Бүгінде алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шығып, еліміздіӊ барлық жоғары оқу орындарына таратылды. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған. Кездесуде Ұлттық аударма бюросыныӊ алғашқы кезекте аудару жоспарда тұрған оқулықтары қарастырылып, сала мамандарыныӊ ұсыныстары талқыланды.

Аталған іс-шараға жоғары оқу орындарыныӊ әлеуметтік даму және тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, профессорлы-оқытушылық құрамы, Рухани жаӊғыру жобалық офисініӊ жетекшілері, сондай-ақ, жас ғалымдар мен студент жастар қатысты.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны