27.05.2013, 16:26 7365

Алматыда жаңа тұрғын үй кешені салынады

BNews.kz ақпаттық агенттігінің "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Алматыда "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.

Алматы. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жаңа тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпаттық агенттігінің "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-қа сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Алматыда "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланып отыр.

"Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-тың құзырлы органы 9 қабатты үш үйден тұратын "Заманауи тұрғын үй кешенінің" құрылысын инвестициялау туралы келісім шартты мақұлдады", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" Жылжымайтын мүлік қоры" АҚ өкілдігінің директоры Сергей Лазарев.

Тұрғын үй кешені Алматы қаласының Иуезов ауданында салынады. Пәтерлердің жалпы аумағы 18512, 4 шаршы метрді құрайды, 81 бір бөлмелі, екі бөлмелі және сонша үш бөлмелі пәтер болады.

С.Лазаревтің айтуынша, аталмыш тұрғын үй кешені 2014 жылдың 31 желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны