31.05.2016, 20:54 7673

Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші дәрігерлердіӊ өзін кінәлады

Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушініӊ әрекеті жұрттыӊ жағасын ұстатты. Илеуметтік желілерде қызу талқыланған бұл видео екі күн бұрын Алматы қаласындатүсіріліпті. Онда қара түсті қымбат көлікті тақымдаған ер азамат жедел жәрдемніӊ алдын жауып, жол бермей қойған

Алматы. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушініӊ әрекеті жұрттыӊ жағасын ұстатты. Илеуметтік желілерде қызу талқыланған бұл видео екі күн бұрын Алматы қаласындатүсіріліпті. Онда қара түсті қымбат көлікті тақымдаған ер азамат жедел жәрдемніӊ алдын жауып, жол бермей қойған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

-Ей немене түсіріп тұрсыӊ...

-Жедел жәрдемді жіберсейші...

Қалалық №1-ші балалар ауруханасыныӊ алдында түсірілген таспада жедел жәрдем көлігініӊ қақпадан шыға алмай тұрғанын аӊғаруға болады. Тіпті ақ халаттылар жүргізушіден жол сұрап жалынуға дейін барған. Алайда "Инфинитидіӊ" жүргізушісі қасарысып отыр. Бірақ бұл кикілжіӊніӊ немен аяқталғаны белгісіз. Себебі бейнекөрініс ортасынан үзіліп қалады. Есесіне жағдайдыӊ қалай болғанын қымбат көлік жүргізушісініӊ өзі айтып берді. Талғат Сақанов сол күні ауруханаға кішкентай қызыныӊ жағдайын білуге келген екен. Алайда күзетші ішке көлікпен кіруге рұқсат бермепті. Осы уақытта артымнан тағы екі көлік тұрып қалды. Сол себепті алдымда тұрған жедел жәрдем көлігіне жол беру мүмкін болмады дейді. Сондықтан түймедей нәрсені түйедей еткен ақ халаттылардыӊ әрекетін түсінбей әлек, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Талғат Сақанов:

-Ауруханаға кіруге рұқсат беретін қағазым бар. Соны көрсетіп едім ол кіргізбей қойды. Сосын айттым: "меніӊ алдымда екі машина кірді" деп ұрсысып тұрғанда жедел жәрдем алдыма тұрып алды. Артымда екі машина тұрғасын жібере алмай қалдым.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны