23.09.2008, 16:54 3122

Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді

Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді

Алматы. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жексенбі күні қалада велосипед жолдарын салу идеясын қолдау мақсатындағы веложарыс өтеді. Бұл туралы "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бүгін өткен абспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз 28 қыркүйек, жексенбіде қалалық веложарыс өткіземіз. Қалада велосипедпен жүруге ниеті бар жандар көп", -деді М. Елеусізов.

Веложарыс таңертеңгі сағат 10.00-де "Орбита" ықшамауданындағы "Байқоңыр" кинотеатрынан басталып, "Орбита" - Торайғыров - Каблуков - Өтепов - Жароков - Шевченко - Абылай хан даңғылы - Қабанбай батыр көшелері арқылы өтеді. Жарысқа қатысушылар мемлекеттік академиялық опера және балет театрының алдындағы алаңда мәреге жетеді.

М. Елеусізовтың айтуынша, бұл - қалада экологтар ұйымдастырып отырған екінші веложарыс. Ол қала басышылығының назарын қалада велосипед жолдарын салу қажеттігіне тағы бір аудару үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны