11.12.2008, 16:43 2830

Алматыда желтоқсанның аяғында ғана қар жауады деп күтілуде - Қазгидромет

Алматыда желтоқсанның аяғында ғана қар жауады деп күтілуде - Қазгидромет

Алматы. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Алматыда желтоқсанның аяғында ғана қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, желтоқсантың 11 мен 20 аралығында түнде Алматыда минут 2-7 -ден минус 8-13 градус, күндіз ауаның температурасы Цельсий өлшемі бойынша 5-10 градустан минус 2-7 градусты құрайды, көшпелі бұлтты, шамалы ылғал түседі. Оңкүндіктің ортасы мен аяғында шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін күшейеді.

Желтоқсанның 21 мен 31 аралығында ауаның температурасы түнде минус 2 градустан 3 градус жылылыққа дейін, күндіз 0 - 15 градус жылы болады. Онкүндіктің аяғында түнде 5 - 10, күндіз 0 - 5 градус болмақ, кейде қар жауып, көктайғақ болады. Желтоқсанның екінші жартысында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін күшейеді.

2009 жылдың қаңтар айының 1 мен 11 аралығында ауаның температурасы түнде 5 - 10 -нан 0 - 5 градус суықты, күндіз минус 3 пен 2 градус жылылықтан 3 - 8 градус жылылықты көрсетеді. Кезеңнің басы мен аяғында кей кездері ылғал түседі, тұман болуы мүмкін. Кезеңнің екінші жартысында көктайғақ болады. Кезеңнің ортасында батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны