13.09.2007, 10:14 1752

Алматыда жер телімдерін тәркілеу барысында меншік иелерінің құқықтары бұзылуда - қалалық мәслихат депутаты

Алматыда жер телімдерін тәркілеу барысында меншік иелерінің құқықтары бұзылуда, дейді қалалық мәслихат депутаты.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АЛМАТЫ. Алматыда жер телімдерін тәркілеу барысында меншік иелерінің құқықтары бұзылуда. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық мәслихаттың депутаты - Қазақстанның тұтынушылар лигасы басқармасының төрайымы Светлана Савченко мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

С. Савченконың айтуынша, меншік иелерінің құқықтары олардың жылжымайтын мүліктерінің бағасына келгенде шектелуде. "Неге мемлекеттік бағалаушы 10 есеге төмен баға береді?",- деп түсінбейді құқық қорғаушы. "Мен депутат ретінде осы күнге дейін қызмет етіп келе жатқан бағалаушылардың барлығының лицензияларын тексерту үшін қалалық прокуратураға жүгінбекпін. Олар теріс баға бергендіктен, олардың бұл іс-қызметпен айналысуы құқығынан айыру үшін сотқа шағым беру керек те шығар",-деді Светлана Савченко.

Депутаттың пайымдауынша, меншік иесі мен құрылыс салушының арасында ешқандай делдал болмауға тиіс. "Жер телімі тәркіленетіндерге құрылыс салушының өзі келіп, бағаны өзі ұсынуға тиіс",- деді Светлана Савченко. Сонымен қатар, "Алматыжер" жер телімдерін тек қана мемлекеттік қажеттілік үшін ғана тәркілеумен айналысуға тиіс, деп санайды депутат. "Тіптен жер телімі мемлекеттік қажеттілік үшін-ақ тәркіленсін, бірақ лайықты баға болуға тиіс",- деп атап көрсетті ол.

"Қазір қаладан тұрғындардың ең қалтасы жұқа бөлігін көшіруде",- деп атап өтті Светлана Савченко. Ол сондай-ақ "соттар тарапынан да теңсіздіктің" орын алып отырғандығын айта кетті. Атап айтқанда, депутаттың пайымдауынша, соттар мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін тәркілеу мәселесі жөніндегі Конститциялық кеңестің ұсыныстарын ескермейді. "Бұл норма қазірде іс жүзінде жұмыс істемейді, себебі оны сотта да, адвокаттар да пайдаланбайды және де тұрғындардың көбісі бұл туралы білмейді де",- деді Светлана Савченко.

"Мен қалылық мәслихаттың депутаты ретінде, неткен өктемдік болып жатқандығы және мұның қашан аяқталатындығы туралы, қолдағы нормативтік-құқықтық актілер осы елде тұратын халықтың игілігі үшін қаншалықты жұмыс істейтіндігі туралы депутаттық сұрау жасадым",- деп мәлім етті Светлана Савченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны