31.08.2018, 14:31 11954

Алматыда жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жаӊаратын болады

Қаланыӊ Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ ақпараты бойынша қазіргі кезде Алматыда 79993 жарық көздері орнатылған. "Қауіпсіз қала" бағыты бойынша жыл аяғына дейін 24000-нан астам жарық көздері немесе 31,5%-ы энергия жинақтаушы және диодты шамдарға ауыстырылады.

Алматы. 30 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жаӊаратын болады.

Қаланыӊ Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасыныӊ ақпараты бойынша қазіргі кезде Алматыда 79993 жарық көздері орнатылған. "Қауіпсіз қала" бағыты бойынша жыл аяғына дейін 24000-нан астам жарық көздері немесе 31,5%-ы энергия жинақтаушы және диодты шамдарға ауыстырылады.

Қазіргі кезде Иуезов ауданында 49,5 км көше жарығыныӊ құрылыс басталды. Жыл аяғына дейін Алатау ауданында сыртқы жарықтыӊ 24 км желісін тарту жоспарланған.

Қазірдіӊ өзінде Бағанашыл, Алатау, Ерменсай және Нұрлытау елді мекендерінде 35,3 км сыртқы жарық көздері орнатылған. Түрксіб ауданындағы Бұқтырма, Майлин көшелері мен Құлжа трактінде 9 км сыртқы жарық көздері жұмыс істеуде.

Бұлардан өзге, келер жылдан бастап тағы 266 км жарық көздерін немесе 8896 көше шамдарын (11,5%) модернизациялаудыӊ жобалық- сметалық құжаттары жасалған.

Мемлекеттік - жеке әріптестік жобасы аясында қаланыӊ Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы 2019 жылдан бастап тағы 1375 км жарық желісін немесе 45829 көше шамдары мен 42052 жарық діӊгектерін жаӊартуды жоспарлаған.

Қала басқармасындағылар диодты жарық шамдарыныӊ электроэнергиясын пайдалануды 30 пайызға қысқартып, қала бюджетініӊ шығынын азайтатынын, көше жарығыныӊ сапасын жақсартатынын мәлімдеді. Оныӊ үстіне олардыӊ пайдалану мерзімі де ұзақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны