04.09.2018, 17:17 6640

Алматыда жоғары технологиялы қоқыс сұрыптайтын кешен іске қосылды

Алматыныӊ Алатау ауданында қуаты жылына 550 мыӊ тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өӊдейтін қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды, соныӊ арқасында полигонда тек қана инертті қауіпсіз және биоірігіш материалдар көмілетін болады.

Алматы. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Алатау ауданында қуаты жылына 550 мыӊ тонна тұрмыстық қатқыл қалдықтарды өӊдейтін қоқыс сұрыптау кешені іске қосылды, соныӊ арқасында полигонда тек қана инертті қауіпсіз және биоірігіш материалдар көмілетін болады.

Кәсіпорында қайта өӊдеу үшін 50 мыӊ тоннаға дейін картон, целлофан, әйнек, пластика, металл сияқты заттар сұрыпталады. Болашақта кешен жанынан шикізаттарды екінші қайтара тереӊ өӊдеу үшін қосымша қуаттарды жасау жоспарланған. Осыныӊ барлығы және қалдықтарды өӊдеуді басқарудыӊ кешенді жүйесін енгізу қаланы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайтуға ойдағыдай ықпал етеді.

Мегаполис әкімі Бауыржан Байбек мұндай маӊызды кешенді іске қосу тек қала үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін елеулі оқиға екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы жаӊа технологияларды енгізе отырып кәсіпорындардыӊ тиімділігін ғана емес, сонымен қатар экологиялық жағдайын жақсарту қажеттігін тұрақты назарда ұстауда және елімізде қабылданған цифрландыру бағдарламасы да осы бағытта жүзеге асуда. Бұл кешен - озық технологияныӊ үлгісі әрі 2017 жылғы ЕХСРО-ныӊ негізгі мұраларыныӊ бірі. Жоба мемлекеттік-жеке әріптестік қағида бойынша қолға алынған, 5,4 млрд. теӊгеге инвестормен 25 жылға келісім жасалды, ал қала өз кезегінде жер бөліп, барлық инженерлік коммуникацияларды жүргізді", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

3,9 га аумаққа әкімшілік блок, Ұлыбританияда жасалған арнайы техниканыӊ гаражы және озық итальяндық қондырғылармен жабдықталған негізгі өӊдеу бөлмелері орналасқан. Кәсіпорынды іске қосу барысында 530 тұрақты жұмыс орны пайда болды.


"Тәртіп" АҚ-ныӊ басқарма төрағасы Айбек Рахимов қала әкімшілігі мен жеке инвесторлар консорциумы арасында ұзақ мерзімге жасалған келісім кәсіпорынныӊ барынша тиімді жұмыс атқаратыныныӊ озық моделі болатындығын айтты. Қазіргі кезде "Тәртіп" АҚ ТҚҚ-дыӊ 70%-ын қамтиды.Компания балансында 236 техника бірлігі бар, қоқыс тасымалдайтын барлық көліктерде GPS жүйесі жұмыс істейді, планшеттер арқылы қоқыс алаӊындағы жағдайлар түгел көрінеді. Ұзақ мерзімді келісімніӊ негізгі тармақтарыныӊ бірі автопаркті үнемі жаӊарту және жұмыс процессін автоматтандыру болып табылады. Қазірдіӊ өзінде Евро-4 стандартыныӊ 30 машинасы сатып алынды және бағыттарды диспетчерлеу жүйесі енгізілді.

"Елімізде іске асып жатқан оӊ өзгерістерге және жеке компаниялар консорциумы мен қала әкімдігініӊ бірігіп жасаған келісімніӊ арқасында біз өте қысқа мерзімде, яғни жоба макеті талқыланған бір жыл ішінде маӊызды кешенді іске қостық. Кәсіпорынныӊ басты мақсаты - болашақта қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту. Біз бұл кешенніӊ өзгелерге, соныӊ ішінде көрші елдерге үлгі болатындығына сенімдіміз, олар үлкен қызығушылық танытуда, өӊірдіӊ одан әрі өркендеуі үшін дамуды жалғастыра береміз", - деді "GREEN RECYCLE" ЖШС директоры Дмитрий Данильченко.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны