08.09.2006, 17:04 3321

Алматыда жол қауіпсіздігі ахуалына талдау жасалады

АЛМАТЫ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда 10 -қыркүйек пен 10-қазан аралығында айлық шара өткізіліп, оның барысында жол қауіпсіздігі ахуалына талдау жасалады. Бұл туралы республика үкімет басшысы кеңсесінің бас инспекторы Болат Ақанов бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сонымен бірге Б.Ақановтың айтуынша, шара аясында Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруға жауап беретін қызметтердің іс-қызметіне тексеру жүргізіледі.

Тұрғындар жол полициясы қызметкерлері мен VIP рұқсаты бар автокөліктердің жүргізушілерінің үстінен көп шағымданады, деді Б.Ақанов. "Мен осындай құжаттарды тәркілеп алу туралы ереже немесе бұйрық шығуы үшін республикалық мекемелерге өтініш жасайтын боламын",- деді ол. Оның пайымдауынша, "осындай рұқсат қағаздарын тек тәркілеумен ғана шектелмей, оларда не жазылғаны және оларды пайдаланудан кімдер мүдделі екенін анықтау үшін сотқа шағымдану қажет".

Б.Ақанов автокөлік тұрақтарына қатысты мәселелерді де қарау қажеттігін еске салды. "Біз бір айда барлық мәселені талдап, өз қорытындымызды дайындаймыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны