11.01.2011, 11:43 3884

Алматыда жол полицейлері Азиада эстафета алауын алып өтетін бағыт бойынша көлік қозғалысы шектелетін болады

Алматыда жол полицейлері Азиада эстафета алауын алып өтетін бағыт бойынша көлік қозғалысы шектелетін болады

Алматы. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда жол полицейлері Азиада эстафета алауын алып өтетін бағыт бойынша көлік қозғалысы шектелетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпараттың мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласында 7-Қысқы Азия ойындарының кубок алауы жеткізіліп, алау эстафетасы өткізілуіне байланысты Алматы қаласының Жол полициясы басқармасы жол қозғалысы қатысушыларын, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарын қала көшелерінде қозғалудың бағыттарын алдын ала айқындап алуын өтінеді.

Аталмыш акцияның өткізілуіне орай және Алматы қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12 қаңтар күні күндізгі сағат 14-00 мен 16-00 аралығында Ил-Фараби -Достық, Төле би - Байтұрсын көшелерінің аумағында эстафета алауын алып өтуге байланысты жол полицейлері жол қозғалысын шектейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны