10.07.2009, 13:28 1382

Алматыда жолайрығын салушылар жалақы төлеуді талап етіп Сайын көшесіндегі қозғалысты бөгеді - телеарна

Алматыда жолайрығын салушылар жалақы төлеуді талап етіп Сайын көшесіндегі қозғалысты бөгеді - телеарна

Алматы. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жолайрығын салушылар жалақы төлеуді талап етіп кеше Сайын көшесіндегі жолды жауып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Жолайрығының құрылысын салушылар қаладағы ең басты көшелердің бірі Сайын көшесін бірнеше минутқа жапты. Олар наразылық шарасын жұмыс орындарында ұйымдастырды. Олардың талабы біреу - жалақы берешегін өтеу. Құрылыс компаниясы өз қызметкерлерінің кейбіріне үш, кейбіріне алты айдың жалақысын бермеген", - деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны