13.08.2018, 17:38 5671

Алматыда "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" жобасыныӊ шеӊберінде жұмыспен қамту бойынша тұсаукесер акция өтті

Алматыда 8 тамызда Алматы-1 теміржол бекетініӊ аумағында "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" жобасыныӊ шеӊберінде жұмыспен қамту бойынша тұсаукесер науқаны өткізілді.

Алматы. 12 тамыз. Kazakhstan Today- Алматыда 8 тамызда Алматы-1 теміржол бекетініӊ аумағында "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" жобасыныӊ шеӊберінде жұмыспен қамту бойынша тұсаукесер науқаны өткізілді.

Іс-шараны Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры Алматы қаласыныӊ Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық дегеніміз халық көп жиналатын жерлерде, жұмыспен қамтылған жастардыӊ үлес салмағы төмен, жұмыссыз жастар көбірек шоғырланған жерлерде орналасып, өз жұмысын түрлі-түсті шатыр астында жүргізетін, жастарды жұмысқа орналастыру бойынша септесу қызметін көрсететін өзіндік ерекше көшпелі алаӊ болып табылады. Алматы қаласы бір жыл ішінде жұмыс және оқу іздеп жан-жақтан келген жастардыӊ 20%-ға жуығы шоғырланатын ауқымды мегаполис екені белгілі. Осыған байланысты Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры жастардыӊ аталған санатына олар үшін өзекті орын-жайды таӊдау жолымен тұрақты негізде атаулы көмек көрсетіп келеді.

Бұл іс-шараға Алматы қаласыныӊ Халықты жұмыспен қамту орталығыныӊ өкілдері шақырылған. Олар жұмыспен қамтуға септігін тигізудіӊ белсенді түрлеріне қатысуға бағдар берді. Сондай-ақ, "Срочно требуются" газетініӊ қызметкерлері бос жұмыс орындарыныӊ тізімін ұсынды. Бұған қоса жұмыс іздеушілер анкета толтыру мүмкіндігіне ие болып, олар кейін "Срочно требуются" онлайн-порталында жарияланды.

Бұдан бөлек, "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" науқаны кезінде ақыл-кеӊес беру орталығы жұмыс істеп, онда кәсіби білікті психолог еӊбекке қамту бойынша ниет білдірушілерге тегін ақыл-кеӊес, кәсіп таӊдау бойынша нұсқау беріп қана қоймай, түйіндемені сәтті жазу қағидаты және жұмысқа орналасқан кезде жинау қажет болатын құжаттардыӊ жинағы жөнінде әӊгімелеп берді.

Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қоры 2018 жылы осындай "Жұмыспен қамту жөніндегі мобильді орталық" науқанын жерде өткізді: Орталық мешіт маӊайында (Пушкин-Мәметова көшелерініӊ қиылысы), Көк базар маӊайы, "Айнабұлақ" базараныӊ маӊайы, № 7 қалалық клиникалық аурухана маӊы, Никольский базарыныӊ маӊы.

Науқан қорытындысы бойынша үміткерлер жұмыс іздеу бойынша 2000 анкета толтырды, олар "Срочно требуются" онлайн-порталында жарияланды.

Бұл ретте ақыл-кеӊестер беріліп, еӊбек нарығындағы бар бос жұмыс орындары жөніндегі ақпараттар бар ақпараттық материалдар, газеттер мен бюллетеньдер таратылып, олардан хабардар болған жастардыӊ қамтылу деӊгейі шамамен 7000 адамды құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны