22.09.2018, 20:03 9120

Алматыда "Жүрек жылуы" атты кезекті қайырымдылық турнирі өтеді

"Турнир бүкіл Қазақстанды қамтиды. Былтыр оған Тараз, Шымкент, Астана мен Қызылордадан студенттер қатысты. Жеӊімпаздарға кубок табысталады. Ал қайырымдылық турнирінде жиналған қаржы түгел мұқтаж адамдарға табысталады", - деді ол.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Рухани жаӊғыру" ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде ЖОО студентері арасында "Жүрек жылуы" атты кезекті 5-ші қайырымдылық турнирі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Биыл біз бұл турнирді осымен бесінші рет өтізіп отырмыз. Жыл сайын ақша немесе басқа да қандайбір көмекке мұқтаж отбасын алдымен таӊдап аламыз да олармен келісеміз. Бұдан кейін қайырымдылық турнирі мен ақша жинауды өткіземіз", - деді "UIB DC" қазақ пікірсайыс клубыныӊ үйлестірушісі Ерқанат Еркінбек.

Оныӊ айтуынша, турнирге қатысу үшін інрбір ниет білдіруші 1000 теӊге мөлшерінде жарна төлейді. Жыл сайын орта есеппен турнирге 200 адам қатысады, демек, 200 мыӊ теӊге мөлшерінде қаржы жиналады. Қатысушылардыӊ барлығы турнирдіӊ қайырымдылық қоры үшін өткізілетінін біледі. Бұдан кейін жиналған қаражат жариялы түрде ұйымдастырушылармен бірлесе отырып мұқтаж адамға табысталады. Бұл мүгедек, жетім немесе аз қамтылған отбасы, не өмір қиындығына душар болған жан болуы мүмкін.

"Турнир бүкіл Қазақстанды қамтиды. Былтыр оған Тараз, Шымкент, Астана мен Қызылордадан студенттер қатысты. Жеӊімпаздарға кубок табысталады. Ал қайырымдылық турнирінде жиналған қаржы түгел мұқтаж адамдарға табысталады", - деді ол.

Турнир өткізіле бастағаннан бері дебат клубыныӊ мүшелері 10 адамға көмек көрсеткен. Турнирдіӊ міндеті тек ауыр жағдайға душар болған жандарға көмектесу ғана емес, сонымен бірге жастар арасында жебеушілікті, мейірімділікті дәріптеу, жастарды адамсүйгіш болуға, бей-жайлықтан аулақ болуға баулу болып табылады.

Пікірсайысқа қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оныӊ шешу жолдарын ұсынады. Сонымен қатар, тәтті тағамдардыӊ жәрмеӊкесі ұйымдастырылып, түскен қаражат көмекке мұқтаж азаматқа турнирдіӊ екінші күні ұсынылатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны