11.04.2008, 19:15 3180

Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта рұқсатсыз құрылыс жүріп жатыр

Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта рұқсатсыз құрылыс жүріп жатыр

Алматы. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы 28 панфиловшылар атындағы саябақта рұқсатсыз құрылыс жүріп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының Медеу ауданының әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Құрылыс алаңын қоршап тұрған дуалдағы ақпараттық афишада бұл жерде су бұрқағын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған. Соған қарамастан дуалдың ар жағында ауқымды құрылыстың жүріп жатқаны байқалады. Жұмысшылар болашақ ғимараттың металл қаңқасын орнатуда.

"Мұнда су бұрқағы салынады", - деп мәлімдеді құрылыс алаңының қасында болған күзетші. Салынып жатқан ғимарат қабырғасы жайлы қойылған сауалға ол жауап бере алмады.

Алматы қаласының Медеу ауданының әкімдігі су бұрқағы салынатын жерге бөгде нысан салынып жатқанын растады. "Біз онда ғимарат құрылысы салынып жатқанын білеміз. Ол рұқсатсыз жүргізіліп жатыр. Эскизде ешқашан ондай ғимарат болған емес. Тапсырыс беруші онда сала алатын ең үлкен нысаны ротонда ғана", - деп түсіндірді Медеу ауданының сәулетшісі Бақыт Рымжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны