17.04.2018, 19:43 9346

Алматыдағы "Сайран" автовокзалыныӊ ғимараты жөнделіп, нысанды жергілікті маӊызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады

Алматыда "Туризмді дамытудыӊ 100 қадамы" жол картасы аясында қала сервисі мен оныӊ инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

Алматы. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Күнделікті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық "Сайран" автовокзалыныӊ ғимараты мен оныӊ айналасын және "Саяхат" автобекетін аралап көрді. Мегаполис басшысы "Сайран" автовокзалыныӊ көптен бері халықаралық деӊгейге сай еместігін, сондықтан қайта жөндеп, менеджмент моделін қарастыру қажеттігін атап өтті.

Алматыда "Туризмді дамытудыӊ 100 қадамы" жол картасы аясында қала сервисі мен оныӊ инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана "ҚТЖ" ҰК" АҚ-мен бірге "Алматы-1" және "Алматы-2" вокзалдарын реконструкциялау мен қызмет сапасын жақсарту барысында біріккен жоспар қабылданған еді. Дегенмен, мегаполистіӊ автомобиль вокзалдарыныӊ жағдайлары қанағаттанғысыз болғандықтан жаӊартуды қажет етеді.

Бүгінгі күні "Сайранныӊ" вокзал алды айналасында бірқатар құрылыстар бар, кеӊестік модернизм стилінде салынған ішкі әрлеудіӊ элементтері мен ғимараттыӊ сыртқы келбеті бұрынғы бейнесінен біршама айрылған, соныӊ салдарынан архитектуралық бірегейлігін жою қаупі бар.

Ішкі туризм әлеуетін дамытуды ескеріп Бауыржан Байбек күн сайынғы жолаушы легі 1200 адамды құрайтын автовокзал айналасын ретке келтіруді және оныӊ ғимаратын жөндеуді тапсырды. Заӊнамаға сәйкес нысанды жергілікті маӊызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу мәселесі қарастырылады. Айта кетерлігі, бұрындары мегаполис басшылығы құны 20,2 млрд. теӊгені құрайтын "Батыс" автовокзалын салу жөніндегі жобаны бекітпеген еді.

"Өткен жылы басталған қаланы қайта жаӊғырту аясында біз Алматыға бұрынғы тарихи келбетін қайтарудамыз. Еӊ алдымен, нысандарды алғашқы бейнелерін сақтау қаджет. Сарапшыларды тарта отырып, жолаушылар легініӊ логистикасын толық қайта қараған жөн. Яғни біз тарихи нысанды қалпына келтіріп, вокзалдыӊ барша қызметін жаӊаша жүргізіп, оны қаланыӊ көлік хабына айналдырамыз", - деді Бауыржан Байбек.

Қазіргі кезде автовокзал айналасында заӊсыз салынған құрылыстар алынуда. Автовокзал айналасында бұрындары саудамен айналысқан кәсікерлерге ауданныӊ сауда орындары мен базарларынанн жеӊілдетілген орындар ұсынылады.

Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала маӊындағы елдімекендерге қызмет көрсететін "Саяхат" автобекеті мен оныӊ айналасын аралап көрді. Жер учаскесініӊ иелері оныӊ айналасын абаттандыру бойынша тиісті жұмыстарды бастауға және одан әрі дамыту жөніндегі нақтылы жоспарды қысқа мерзімде ұсынуға міндеттенді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны