18.01.2017, 10:42 3875

Алматыдағы Универсиада күндері қатысушылар мен еріктілерге арнап 700 000 кесе сүтті шай дайындалады

Осыған дейін хабарланғандай, Универсиаданыӊ ұйымдастыру комитеті Ойындарды өткізуге барынша аз бюджеттік қаржыны жұмсауды өз алдына міндет етіп қойды.

Алматы. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция "RGBrands Kazakhstan" компаниясымен ынтымақтастық туралы мәмілеге қол қойды. Аталған мәміле асында компания Универсиада спортшыларын, еріктілерін, төрешілерін, бапкерлерін, баспасөз бен басқа да қатысушыларды ыстық шаймен қамтамасыз ету үшін "Пиала Gold" қара және көк шайын, сондай-ақ, 100% табиғи ультрапастерленген "МОЁ" сүтініӊ 14 мыӊ литрін ұсынады. Ұсынылған өнімдерден 700 000 кесе сүтті шай дайындалады деп күтілуде.

"Қазақстан тұрғындары шайды аса жақсы көретін бес елдіӊ қатарына кіреді. Шай - еліміздіӊ дәстүрінде ерекше орын алатын сусын. Біз Универсиаданыӊ қысқы суық күндері қонақтарымыз тұла бойды жылытып, сергектік сыйлайтын, жарыстар арасындағы үзілісте ерекше рахатқа бөлейтін қазақтыӊ қою қара шайынан дәм татып көрсе дейміз. Біздіӊ өнімдеріміздіӊ әрқайсысы өз алдына ерекше, ал осы іс-шара аясында біздіӊ өнімдеріміз дәмі тіл үйіретін, алтын медальге лайықты ыстық сүтті шайтүрінде ұсынылады", - деп атап өтті "RGBrands Kazakhstan" ЖШС бас директоры Тимур Қалтаев.

Осыған дейін хабарланғандай, Универсиаданыӊ ұйымдастыру комитеті Ойындарды өткізуге барынша аз бюджеттік қаржыны жұмсауды өз алдына міндет етіп қойды. Жоспарланған бюджет дайындық барысында екі есеге дейін дерлік қысқартылды, ал бизнес өкілдері қатарынан демеушілер мен серіктестерді тартудыӊ арқасында кезектегі бірқатар шығындарды төмендетуге мүмкіндік пайда болды.

"Аса ауқымды спорт іс-шараларын өткізу кезінде серіктестер мен демеушілерді тарту - бүкіл әлемде кеӊ таралған тәжірибе, ол бизнеске бірегей маркетингтік мүмкіндіктерге жол ашып, ұйымдастырушыларға шығындарды айтарлықтай оӊтайландыруға мүмкіндік береді. Универсиаданыӊ сәтті өтуі үшін қосылған кез келген үлес аса маӊызды, сондықтан біз осы айтулы оқиғаныӊ дайындығына бизнестіӊ белсенді атсалысып отырғанын құптаймыз", - деп баса атап өтті

"2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекция" МҚ Аппарат басшысы Сағадиев Дидар Ришатұлы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны