08.01.2016, 14:55 4546

Алматыдағы жекеменшік емханалардыӊ бірінде ем алған ер адам қайтыс болды

Алматыдағы жекеменшік емханалардыӊ бірінде ер адам қайтыс болды. Марқұмныӊ туыстарыныӊ айтуынша, медбике 1988 жылы туылған Садықов Михаилдіӊ тамырына Цефазолин дәрісін жіберген

Алматы. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы жекеменшік емханалардыӊ бірінде ер адам қайтыс болды. Марқұмныӊ туыстарыныӊ айтуынша, медбике 1988 жылы туылған Садықов Михаилдіӊ тамырына Цефазолин дәрісін жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы өзініӊ парақшасында интернет қолданушы Арман Оспанов айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Дәрі қабылдаған соӊ жігіт анафилактикалық есінен айырылды. .Көп уақытқа дейін дәрігерлер тамыр арқылы антигистаминді препарат жібере алмады. Сол кезде жігіттіӊ жүрегі тоқтап қалған. Шақырылған реанимобиль оныӊ жүрегіне қан жүгіртті. Қалқаман ауруханасына барар жолда жүрегі қайта тоқтап, реаниматологтар жүрегін қайта соққызған.

Ал таӊғы 4-ке таман дәрігерлер Михаилдіӊ миы өлім стадиясына енгенін жеткізген.

Айта кету керек, Михаилдіӊ артында екі баласы қалды.

Изірге емхана басшылығы болған жайтқа түсініктеме беруден бас тартып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны