20.06.2013, 10:15 3267

Алматыдан Алакөлге жолаушылар пойызы қатынай бастады

Пойыз бастығы Жұмагүл Керімбекованың айтуынша, бұл темір жол қатынасының еліміздегі туризм саласының дамуына да маңызы өте зор. Қазіргі таңда алты вагоннан тұратын бұл пойыз Алматыдан сәрсенбі, сенбі күндері аптасына екі рет қатынайды. Егер ел тұрғындары мен қонақтары тарапынан сұраныс артып жатса, алдағы уақытта вагондар саны көбеюі мүмкін.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Алматыдан Алакөлге жолаушылар пойызы қатынай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Алматыдан Достық бекетіне бағыт алған "Тұран экспресс" компаниясының алғашқы пойызы бүгін 17 сағаттан кейін діттеген жеріне жетті.

Пойыз бастығы Жұмагүл Керімбекованың айтуынша, бұл темір жол қатынасының еліміздегі туризм саласының дамуына да маңызы өте зор. Қазіргі таңда алты вагоннан тұратын бұл пойыз Алматыдан сәрсенбі, сенбі күндері аптасына екі рет қатынайды. Егер ел тұрғындары мен қонақтары тарапынан сұраныс артып жатса, алдағы уақытта вагондар саны көбеюі мүмкін.

Алакөл - Ұялы, Жалаңашкөл, Сасықкөл сияқты тағы басқа да бірнеше ұсақ көлдерден тұрады. Аралдарын қоса есептегенде оның жалпы ауданы 2696 шаршы шақырымды құрайды. Су көлемі 58,56 текше шақырым, ені - 52, ұзындығы - 104 шақырым. Орташа тереңдігі - 22 метр, ұзындығы - 54 метр. Ондағы көлдерінің түсі әртүрлі. Мәселен Сасықкөл - көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Жергілікті тұрғындар оның пішіні, түсі, көлемінің әралуандылығына қарап "Алакөл" атап кеткен. "Алакөл" сөзі сондай-ақ, ежелгі түрік және моңғол сөздерінде "ұлы көл" немесе "Таулы көл" деген мағынаны білдіреді. Ондағы судың құрамында фтор мен бромның деңгейі жоғары. Алакөлдегі шомылу маусымы мамандардың сөзіне қарағанда маусымның екінші жартысынан тамыз айына дейін созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны