29.04.2009, 16:59 3365

"АлматыЭнергоСбыт" Алматы тұтынушыларымен электр қуаты бойынша есеп жүргізудің жаңа әдісіне көшті

"АлматыЭнергоСбыт" Алматы тұтынушыларымен электр қуаты бойынша есеп жүргізудің жаңа әдісіне көшті

Алматы. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 1 мамырдан бастап Алматы тұтынушыларымен электр қуаты бойынша есеп жүргізудің жаңа әдісіне көшті. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында
"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС бас директоры Михаил Гамбургер мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"1 мамырдан бастап біз техникалық және ұйымдастыру тұрғысынан озық әдіске - тұтынушыларға көрсетілген қызметті "есептеп беру" әдісіне көшуге дайынбыз", - деді М. Гамбургер.

Оның пікірінше, бүгін қолданылып жүрген "өзіне-өзі қызмет көрсету" әдісі қолайсыз. Тұтынушы әр ай сайын аспаптардың көрсеткішін өзі қарап жазып, тұтынылған электр қуатының саны мен төлем мөлшерін есептейтін бұл тәсіл кезінде көрсеткіштерді дұрыс жазбау, қателесу сияқты жағдайлар кездеседі, содан болып мәселелер туындап жатады, көрсетілген қызметтің құны толық төленбейді", - деді "АлматыЭнергоСбыт" бас директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны