19.07.2016, 19:57 4430

Алматылық атқыш ауруханадан шығарылып изоляторға қамалды

Лаӊкестіӊ қолынан жарақаттанған азаматтар қаланыӊ екі бірдей ауруханасына жеткізілген болатын. Содан бері ағайын-туыс ашылған әр есік пен ақ халатты адамды көрген сайын орнынан тұрып, жағымды жаӊалықты күтіп жүр. Бірақ қанды оқиғадан соӊ бір тәулік өтсе де жапа шеккендердіӊ беті бері қарамаған сыӊайлы

Астана. 19 шілде. Kazakhstan Today - Ал атыстан соӊ ауруханаға жеткізілген адамдардыӊ әлі 2-уі хал үстінде жатыр. Тиісті операциялар жасалып, қазір дәрігерлер соныӊ нәтижесін күтуде. Жалпы ауруханаларларға бас-аяғы 8 адам жеткізілген болатын. Бір полицей ес жимастан сол күйі бақилық болса, қазір төртеуі жедел жәрдем ауруханасында, екеуі орталық клиникалық ауруханада ем қабылдауда. Ал анау-мынау емес, ғылыми орталықта ота жасалған лаӊкестіӊ өзі таӊертеӊ тергеу изоляторына ауыстырылыпты. Осы атыста жапа шеккендердіӊ барлығына 5 млн теӊгеден жәрдемақы беріледі деді бүгін олардыӊ қал-жағдайын білуге келген қала әкімі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Лаӊкестіӊ қолынан жарақаттанған азаматтар қаланыӊ екі бірдей ауруханасына жеткізілген болатын. Содан бері ағайын-туыс ашылған әр есік пен ақ халатты адамды көрген сайын орнынан тұрып, жағымды жаӊалықты күтіп жүр. Бірақ қанды оқиғадан соӊ бір тәулік өтсе де жапа шеккендердіӊ беті бері қарамаған сыӊайлы, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Шахраб Шәбденов:

- Жағдайы қазірше бірқалыпты дейді. Есін жиған жоқ.

Еркін Ибілдаев:

- Ешқандай өзгеріс жоқ. Сол комада жатыр. Енді бір құдайға сенесін, басқа қолымыздан келгенніӊ барлығын жасадық деді профессорлар.

Қазір жансақтау бөліміндегі екі полицейдіӊ жағдайды ауыр. Өкінішке орай оққа ұшқан тәртіп сақшыларыныӊ бірі бүгін түс қайта есін жимастан көз жұмды. Мұны естіген жақындары өздерін ұстай алмай, тура дәлізде есінен танып қалды.

- Нашатыр әкеліӊдер! Тез!

Ал науқастардыӊ барлығы оқ жарақатын алғандар. Қаскөй олардыӊ көкірегі, іші мен басын дәл көздепті. Көп қан жоғалтқаны да содан екен. Дегенмен жағдайлары тұрақты деп сендірді дәрігерлер.

Нұржан Исабеков, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасыныӊ бас хирургі:

- Көмек дер кезінде көрсетілді. Дәрі-дәрмек пен қан жағынан қамтамасыз етуден ешқандай сұрақ туындаған жоқ. Және де көмек көрсету барысында әскери медицина дәрігерлері де бірге қосылып, консультация алынып, соныӊ арқасында қазір жағдайлары жақсы.

Жараланғандардыӊ жағдайын бүгін Алматы әкімі сұрап келді. Полицияға қауіпсіздік шараларын күшейтуге пәрмен берген Бауыржан Байбек марқұмдардыӊ отбасына 15 млн, ал жараланғандарға 5 млн теӊгеден көмек көрсетілетінін де айтты. Тек қайғы жұтқан жандар әзір оны ойлайтын жағдайда емес.

- Сабыр етіӊіз. Бүгін тиісті қаулы жасадық. Қаза тапқандардыӊ отбасына 15 миллионнан береміз.

- Керек емес маған.

- Жағдайыныӊ барлығын жасаймыз. Мен сіздіӊ жағдайыӊызды білемін. Сабыр етіӊіз.

- Бір-ақ ай қалып еді, зейнеткерлікке шығуына.

- Еӊ бастысы дәрігерлер денсаулығын қарап, бар мүмкіндікті жасау керек. еӊ бастысы!

Ал дәрігерлер қолдан келер шараныӊ барлығын жасап, енді науқастардыӊ есін жиюын күтуде. Тек оған әлі біраз уақыт қажет сыӊайлы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны