01.09.2016, 13:48 3840

Алматылық бизнесмендер қалаға қосылған аумақтардыӊ инфрақұрылымдарын дамытуда

"Сұлусай" ықшам ауданында дәрігерлік пункттіӊ болмауы тұрғындарды әбігерге салатын. Енді жаӊа ашылған фельдшерлік- акушерлік пункт дер кезінде медициналық көмек көрсететін болады. Бұдан өзге, мұнда қала мен елді мекенді байланыстыратын жол да салынды.

Алматы. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Медеу ауданындағы "Сұлусай" елді мекенінде фельдшерлік -акушерлік пункт ашылды. Медициналық пунктті " Falcon Petroleum " ЖШС құрылыс компаниясы салып, оны қала балансына берді, деп хабарлайды әкімдік.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала кәсіпкерлерініӊ әлеуметтік жауапкершіліктерініӊ жоғары екендігін, соныӊ арқасында мегаполистіӊ дамуына айтарлықтай ықпал етіп отырғандықтарын жеткізді.

"Елбасы айтып өткендей, қаланыӊ барлық аумақтарында тұратын алматылықтарға бірдей жағдай жасалуда. Мегаполиске қосылған елді мекендер тұрғындарыныӊ жақсы өмір сүруіне алматылық бизнесмендер де өз үлестерін қосуда. Нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылымдар дамып келеді. Бүгінгі ашылған медициналық пункт- соныӊ айқын дәлелі", - деді Б.Байбек.

"Сұлусай" ықшам ауданында дәрігерлік пункттіӊ болмауы тұрғындарды әбігерге салатын. Енді жаӊа ашылған фельдшерлік- акушерлік пункт дер кезінде медициналық көмек көрсететін болады. Бұдан өзге, мұнда қала мен елді мекенді байланыстыратын жол да салынды.

Естеріӊізге сала кетейік, "Сұлусайда" 600-ден астам адам тұрады, бұл елді мекен Алматыға 2014 жылы қосылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны