30.09.2016, 13:59 13994

"Алматым жүрегімде" республикалық ән-би байқауы өтті

Байқауға Қазақстанныӊ 7 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 100-ге жуық балалар қатысты.

Алматы. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар Одағыныӊ концерт залында 2016 жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 28-30 күндері "Ғұмырдария" балалар мен жасөспірімдер орталығыныӊ ұйымдастыруымен "Алматым жүрегімде" Республикалық ән-би байқауы өткізілді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Байқауға Қазақстанныӊ 7 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 100-ге жуық балалар қатысты.

Исіресе Алматы облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Маӊғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Оӊтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы бүлдіршіндері белсене атсалысты.

"Алматыныӊ 1000 жылдық мерейтойына арналған байқау Алматы қаласы туралы жазылған ақын-компазиторлардыӊ туындыларын дәріптеу, ұмыт бола бастаған әндер мен жырларды қайта жаӊғырту, би өнерін дамыту, сөйлеу мәнерін жетілдіру; Алматыныӊ әсем көрінісін салу барысында жалпы көркемсуретке деген талпынысын арттыру, жас суретшілердіӊ таланттарын, шеберліктерін және шығармашылық белсенділіктерін дамытуға жәрдемдесу; ата-бабаларымыздыӊ күні кешеге дейін өзініӊ әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан төл киімдерін насихаттау, ұлттық нақышы бар, заман талабына сай көйлектерге қызығушылықты арттыру, қазіргі таӊдағы сән ұғымдарын, олардыӊ түрлерін, стильдерініӊ мағынасын түсіндіру, шығармашылығын, эстетикалық талғамын қалыптастыру мақсатын көздеген болатын",- дейді жоба жетекшісі Айман Тоқтарбекқызы.

Байқау бес жанр бойынша өтті: "Вокал" (академиялық, эстрадалық, халықтық), Вокалды топтар , "хор", "Көркем сөз" (Мәнерлеп оқу), "Хореография" (жеке және топтық би), "Сән үлгісі", "Бейнелеу өнері".

Байқауда бүлдіршін топ (5-7 жас аралығы), кіші топ (8-10 жас аралығы), орта топ (11-13 жас аралығы), жасөспірім топ (14-16 жас аралығы) және жоғарғы топ (17-19 жас аралығы) болып жас өнерпаздар өзара дарын таластырды.

Болашақ өнерпаздардыӊ өнерлері бағаланып "Вокал" аталымы бойынша бүлдіршін топтан Маӊғыстау облысы Түпқараған ауданыныӊ "Айналайын" балабақшасынан келген 5 жасар Асар Идеп есімді қыз бас жүлдеге ие болды.

Кіші топтан Қапшағай қаласынан Мұрат Ардақ, Талғар қаласынан Қабыл Айым, Жасөспірім топта ШҚО Абай ауданы Қарауыл селосынан келген Советқызы Талшын секілді бүлдіршін өнерпаздар бас жүлделі жеӊіп алды.

"Көркем сөз" номинациясы бойынша бүлдіршін топтан ШҚО Семей қаласы "Айналайын" балабақшасынан келген 4 жасар Биғазы Илижан бас жүлде иеленді. Кіші топтан Алматы облысы Талғар қаласынан Болат Айзерек, орта топтан - ШҚО Жарма ауданы Бірлік ауылынан Қуатбек Жайдарман, жасөспірім топтан - ОҚО Шымкент қаласынан келген Ергеш Іӊкәр бас жүлде иеленді.

"Хореография" номинациясы бойынша бүлдіршін топ - ШҚО Семей қаласы "Айналайын" би тобы, орта топтан - Алматы облысы Талғар қаласынан -"Диана" би тобы бас жүлдені жеӊіп алды.

"Сән үлгісі" номинациясы бойынша жасөспірім топтан Қадырқұлова Жанеля бас жүлде алды.

Қалған өнерпаздар ІІІ, ІІ, І дәрежелі лауреат атағына және арнайы сыйлықтарға ие болды. Байқауға балаларды дайындап алып келген жетекшілеріне алғыс хаттар тапсырылды.

"Бүлдіршіндеріміздіӊ арасынан атақты небір бұлбұл көмей, жез таӊдай әншілер мен мыӊ бұралған бишілер шығарына көзіміз жетті. Оны әділ қазылар да таӊданып айтып жатты. Өнердіӊ інжу маржандары бала кездерінен көптеген атақты апалары мен ағаларынан дәріс алып, сахнада жүріп, әр-түрлі байқауларға қатысып, шаршамай шыӊдалып шығады. Қазақстанды жер жүзіне танымал ететін кішкентай бүлдіршіндер арасында осындай байқауларды өткізу өте қажет деп білеміз", дейді Айман Тоқтарбекқызы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны