20.07.2015, 13:40 3787

Алматы-Мәскеу ұшағыныӊ бортында жолаушы қайтыс болды

Алматыдан ұшқан рейс жолаушы қайтыс болып, Самара әуежайына шұғыл түрде қонуына тура келді

Алматы. 20 Шілде. Kazakhstan Today - Алматыдан ұшқан рейс жолаушы қайтыс болып, Самара әуежайына шұғыл түрде қонуына тура келді, деп хабарлады РИА Новости "Курумоч" әуежайыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Алматыдан Мәскеуге ұшқан ұшақ Самара әуежайына мәжбүрлі қонуына тура келді. Оған себеп жолаушылардыӊ бірі өзін жайсыз сезінген. Дәрігерлер жеткенше, әйел жан тапсырды. Дәрігерлер бортқа жеткенде, оныӊ қаза тапқанын анықтады", - деп хабарлады агенттіктен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұшақ сағат 07.00-де қонған. "Трансаэро" авиакомпаниясыныӊ ұшағы Самарадан Мәскеуге сағат 08.15-те (мск) ұшып кетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны