24.08.2007, 14:33 2905

Алматының батыс бөлігіндегі үш жол айрығын тарту қазан-қараша айларында аяқталады

Алматының батыс бөлігіндегі үш жол айрығы қазан-қараша айларында аяқталады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 тамыз. АЛМАТЫ. Алматының батыс бөлігіндегі үш жол айрығын тарту жұмыстары қазан-қараша айларында аяқталады, деп хабарлады Алматы жол полициясы басқармасының бастығы Бақыткелді Айқынбеков.

"Қазір бұл нысандарда жол салу жұмыстары тәулік бойы қарқынды жүргізілуде. Нысандар қалалық әкімшіліктің жіті бақылауында. Сайын көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы жол айрығы қазан айында, Сайын мен Шаляпин көшесіндегі жол айрығы қазанда, Сайын мен Жандосов көшелеріндегі жол айрығы қараша айында аяқталады", - деді Б. Айқынбеков жұмада өткен брифингте.

Ол осы орайда Сейфуллин және Рысқұлов көшелеріндегі жол айрығы пайдалануға беріліп, аль-Фараби - Фурманова және аль-Фараби - Достық жол айрықтары салынып жатқанын еске сала кетті. Бұған қоса осы жылдың аяғына дейін Рысқұлов пен Бөкейхан (бұрынғы Аэродромная), Рысқұлов пен Кудерин көшелерінің қиылысындағы жол айрықтарын салып бітіру көзделуде. "Осы жол айрықтары пайдалануға берілген кезде Рысқұлов даңғылы қарқынды магистральға айналады деп ойлаймын", -деді Б. Айқынбеков.

Алматы жол полициясы басқармасының мәліметінше, қазіргі күні қалада 482 мың көлік құралы тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны