02.10.2018, 14:14 5883

Алматыныӊ Медеу ауданы әкімініӊ аппараты "Жыл әжесі 2018" байқауын өткізеді

Басты мақсат - мемлекеттік органдар мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардыӊ, жұмыс берушілер мен білікті мамандардыӊ күшін біріктіре отырып, зейнеткерлік жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу болып табылады.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 2 қазан күні Алматы қаласы Медеу ауданы әкімініӊ аппараты "Жыл әжесі 2018" байқауын өткізеді.

Алматы қаласы әкімдігі қарияларға жүйелі түрде көмек көрсету мақсатында егде жастағыларға арналған "Белсенді ұзақ өмір" жол картасын әзірлеген болатын. Аталған жобаныӊ негізгі мақсаты Алматы қаласындағы зейнет жасындағы адамдардыӊ өмір сүру сапасын барынша жақсарта отырып әлеуметтік - экономикалық, спорттық және күнделікті өмірге белсенді түрде араласу болып табылады.

Зейнеткерлер - белсенді, жоғары білімді, сауатты, жауапкершілікті жақсы сезіне білетін және өмірлік тәжірибесі мол жандар. Олардыӊ жұмыс істегісі және мол тәжірибелерін, білімдерін жастарға бөліскісі келетіні анық.

Интеллектуалды әлеуетті дамыту адамға қандай қажет болса, тұрақты дене қимыл-қозғалысы да сондай маӊызды. Аталған жоба дәл осы мәселені шешуге мүмкіндік береді. Алматылық зейнеткерлерді қарттықты мойындап, отыра бермей, толыққанды өмір сүруге жол ашады.

Медеу ауданында 2695 еӊбек майданына қатысушы және 63 Ұлы Отан соғысы ардагері, жалпы 27364 зейнеткер тұрады. Зейнеткерлердіӊ арасында еӊбекке белсенді 7300 адам шамамен 27 % құрайды. Қоғамдық өмірге атсалысатын 3363 адам, шамамен 12 % құрайды. Бұқаралық спортқа 800 адам қатысады, шамамен 3 % құрайды.

21 мамырдан бастап Алматы қаласы Медеу ауданы әкімініӊ аппараты "Белсенді ұзақ өмір" (Активное долголетие) Жол картасы аясында сынамалы жоба бойынша фитнес жаттықтырушысымен халық биі "Қара жорға" билеу арқылы таӊертеӊгі жаттығу жүргізілуде. Қазіргі таӊда 47 адам оған жұмылдырылған.

"Белсенді ұзақ өмір" жол картасын жүзеге асыру аясында, Медеу ауданы әкімініӊ аппараты "Жыл әжесі 2018" байқауын өткізеді.

Басты мақсат - мемлекеттік органдар мен түрлі үкіметтік емес ұйымдардыӊ, жұмыс берушілер мен білікті мамандардыӊ күшін біріктіре отырып, зейнеткерлік жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны