02.12.2011, 17:06 3434

Алматының метрополитені жұмыс істеген алғашқы күнде 11 мың жолаушыға қызмет көрсеткен

Алматы метрополитені жұмыс істеген алғашқы 6 сағаттың ішінде 11 мыңға жуық адам тасымалданды, деп хабарлайды "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Алматы. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматының метрополитені жұмыс істеген алғашқы күнде 11 мың жолаушыға қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы метрополитені жұмыс істеген алғашқы 6 сағаттың ішінде 11 мыңға жуық адам тасымалданды, деп хабарлайды "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі.

"6 сағаттың ішінде метромен 11 мың жолаушы жүрді. 8 мыңнан аса жетон мен 3 мыңға тарта смарт-карта сатылды", - делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

Алматы метросы өткен бецсенбіде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен іске қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны