02.09.2017, 19:01 4343

Алматыныӊ Наурызбай ауданында "Туған жер" бағдарламасы аясында жаӊа мектеп ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданы "Шұғыла" ықшам ауданында №174 жаӊа қазақ - мектеп гимназиясын ашты. "Туған жер" бағдарламасы бойынша "Сәби" қоры салған оқу орнында 1314 оқушы білім алады, 245 бала бірінші сыныпта оқиды.

Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Наурызбай ауданында "Туған жер" бағдарламасы аясында жаӊа мектеп ашылды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданы "Шұғыла" ықшам ауданында №174 жаӊа қазақ - мектеп гимназиясын ашты. "Туған жер" бағдарламасы бойынша "Сәби" қоры салған оқу орнында 1314 оқушы білім алады, 245 бала бірінші сыныпта оқиды. Жалпы, бүгінгі күні Алматыда мектеп партасына 230 мыӊнан астам оқушы отырды, олардыӊ 26 мыӊы - бірінші сынып оқушылары",- деп хабарлайды қала әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алматы әкімі өзініӊ сөзінде Наурызбай ауданы құрылғалы үш жылдыӊ ішінде орта мектептегі оқушылар саныныӊ екі есе өсіп,12 мыӊ оқушыға жеткенін айтты.Оқушылар орныныӊ жетіспеушілігін шешу үшін 2016 жылы "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша "Қалқаман" ықшам ауданында 900 орынды № 157 жаӊа мектеп ашылған еді. "Ақжар" елді мекенінде 1200 орынды тағы бір мектеп салынуда. Наурызбай ауданындағы екі мектепте нысандарды сейсмикалық нығайту жұмыстары жүруде.

Сапалы білім беру үшін мектептер заманауи физика, химия, биология, лингофонды-мультимедийлі кабинеттер мен интерактивті тақталармен жүз пайыз қамтылған. Мысалы, Наурызбай ауданындағы жаӊа мектепте жаӊа модификациядағы 10 лингафонды - мультимедийлі, физика, химия, биология кабинеттері, 4 информатика кабинеті және екі спорт зал бар.

Алматы әкімі оқушыларды, ата-аналарды жаӊа оқу жылымен құттықтап, "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 8-10 сынып оқушылары үшін "Мен - өз елімніӊ патриотымын" атты ашық сабағына қатысты.

"Елбасы өзініӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында "Білім мәдениеті баршамызға ортақ болуы тиіс. Егер бағалау жүйесінде білім басты байлық болса, онда ұлт жетістікке жетеді" деген еді.Бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асыру үшін білім мекемелері бұқараға қолжетімді, ашық болғаны жөн",- деп айтып өтті Б.Байбек.

Биылғы оқу жылында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында қаланыӊ бес мектебінде туған өлкені тарих, география, мәдениет арқылы білудіӊ өлкетану жөніндегі интеграцияланған курстарын ұйымдастыру жоспарланған.Кездесу барысында Бауыржан Байбек оқушыларға "Қазақстанныӊ сакральді географиясы" тарихи- мәдени мұра жобасы туралы айтып берді. Республикалық жобаға Алматыдан "Тәуелсіздік таӊы" , "Тәуелсіздік" монументтері , "Боралдай сақ қорғаны" археологиялық паркі, Свято -Вознесенский кафедралды соборы , Райымбек батыр кесенесі, Ахмет Байтұрсыновтыӊ музей -үйі енген.

Назарларыӊызға , биыл Мемлекет басшысыныӊ жаӊа Наурызбай ауданын құру туралы Жарлығына үш жыл толды. Осы кезеӊ ішінде ауданда 188 км жол жөнделді, 64 көппәтерлі үй жылу желісіне қосылды, аудан газбен 100 пайыз қамтылды.

Ауданда 2 мектеп ,3 емхана, МЖИ принципі бойынша 33 балабақша, 17 спорт , балалар алаӊдары ашылды.

Қарғалы өзенініӊ 7,7 км жағалауы нығайтылды, айналасы абаттандырылды, аудан тұрғындары үшін жаӊа демалыс орны пайда болды.

Бірнеше күн бұрын Наурызбай ауданыныӊ жаӊа әкімшілік - іскерлік орталығы ашылды, мұнда аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, АХАЖ, Қазпошта, банк, зейнетақы төлеу орталығы, кіріс , әділет басқармалары және басқалары орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны