13.09.2017, 21:21 3740

Алматыныӊ университеттік жастар бірлестігі латын әліпбиіне көшуге дайын екендіктерін мәлімдеді

Алматыныӊ университеттік жастар бірлестігі "G-38" латын әліпбиіне көшу тұжырымдамасын іске асыруға дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ университеттік жастар бірлестігі "G-38" латын әліпбиіне көшу тұжырымдамасын іске асыруға дайын екендіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақ жерінде түрлі әліпбилер пайдаланылып келді, бірақ, көне түп-тамырды жасыру мүмкін емес. Латын әліпбиіне көшудіӊ біртұтас үдерісініӊ объективті факторларыныӊ бірі - тарихи маӊызы болмақ. Қазақстанныӊ жаҺандық бәсекеге қабілеттілігін көтеруге барлық реформалау мақсаттарын бағдарлау технологиялар, ғылым және коммуникациялар салалары бойынша дүниежүзілік кеӊістікке кірігуді тездете түсетіні сөзсіз", - делінген мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшірудіӊ біртұтас стандартын енгізу мәселесіне қатысты "G-38" мәлімдемесінде.

Хабарламада атап көрсетілгендей, өз қонақжайлығымен және ашықтығымен баршаны таӊдандырған жылы шырайлы қазақстандықтар өзініӊ руханияты мен біртұтастығын паш етуге тиіс. Бұл түрлі ұлттардыӊ өкілдері, тіпті осы елді бір кездері тастап кетуге мәжбүр болғандардыӊ ұрпақтары да білім алатын Алматы қаласында жақсы байқалады.

"Біздіӊ әлеуетіміз - рухани қайта түлеудіӊ, ұлттық бірегейлікті бекіте түсудіӊ қуатты факторы. Біз ортақ мүдде мен ортақ даму мақсатында өмір сүреміз", - деп атап көрсетеді "G-38" өкілдері.

Мәлімдемеде айтылғандай, латын әліпбиіне көшу еӊ алдымен қазақ әліпбиі мен орфографиялық ережелерді жаӊғыртуға бағытталған, бұл тілдіӊ фонетикасы мен оныӊ графикасы арасындағы сәйкестікті орнатуға мүмкіндік береді.

"Біз мемлекеттіӊ, сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын үштілділікті дамыту саясатын одан әрі үздіксіз жалғастыра беретініне қуаныштымыз. Біз өзара байланысты іс-шаралар кешені оқытушыларды дайындауға, халықтыӊ түрлі топтарын оқытуға, оқыту-әдістемелік материалдарды әзірлеуге, іс қағаздарын, ақпараттық кеӊістікті және т.б. латын әліпбиіне көшіруге бағытталатынына қуаныштымыз", - деп хабарлайды бірлестік.

"Қазақстандықтар мен жастардыӊ барлығы осынау тарихи сәттіӊ маӊыздылығын сезінеді дегенге сенімдіміз. Сол арқылы осы жолдаумен жоғары әлеуметтік белсенділігімізді, азаматтық жауапкершілігімізді және мемлекеттік көзқарасымызды паш етпекпіз. Мақсатты жүзеге асыруға бірден ден қоюға әзірміз!" - деп сендіреді "G-38".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны