16.06.2015, 18:41 3722

Алматы-Шымкент күре жолындағы апаттан қаза болғандар саны 13 адамға жетті

Алматы-Шымкент тас жолында "Мерседес-спринтер" мен жүк көлігініӊ соқтығысуы салдарынан қаза болғандар саны артты. Осы сағатта ірі апаттан көз жұмғандар саны 13 адамға жетті. Жол-көлік оқиғасы Бозарық елді мекені тұсындағы жанар-жағармай құю стансасыныӊ маӊында сағат 11.50-де болған

Алматы. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы-Шымкент тас жолында "Мерседес-спринтер" мен жүк көлігініӊ соқтығысуы салдарынан қаза болғандар саны артты. Осы сағатта ірі апаттан көз жұмғандар саны 13 адамға жетті. Жол-көлік оқиғасы Бозарық елді мекені тұсындағы жанар-жағармай құю стансасыныӊ маӊында сағат 11.50-де болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ОҚО ІІД деректеріне сүйенсек, оқиға орнында 9 адам мерт болған. Оныӊ ішінде 9-12 жастағы бала мен 1976 жылы туылған ер адам бар. Соӊғыныӊ Өзбекстан азаматы екені анықталды. Өзгелерініӊ кім екені анықталған жоқ. Ауруханада дәрігерлер 4,6 және 7 жастағы үш баланыӊ, үш ересек адамныӊ өмірі үшін арпалысып жатыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ауруханадағылар оларға зардап шеккен 7 ересек адам түскенін айтты. Алайда 4 адам алынған жарақаттардыӊ ауырлығынан көз жұмды, жансақтау бөлімінде үш адам өмір мен өлім арасында жатыр. Олардыӊ барлығы ессіз күйде.

ОҚО ІІД баспасөз қызметініӊ басшысы Салтанат Қаракөзованыӊ деректеріне сүйенсек, жеӊіл жарақаттанған 1974 жылы туылған жүк көлігініӊ жүргізушісі ауруханаға жатқызылмаған. 1969 жылы туылған "Мерседес-спринтер" жүргізушісі Жамбыл облысында туылған.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеуді ОҚО ІІД тергеу басқармасыныӊ қызметкерлері жүргізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны