23.01.2007, 14:59 3363

"Алматыжердің "жүргізіп жатқан процедураларын сот заңсыз деп тануы мүмкін -кәсіпкерлер мен меншік иелерін қорғау одағы

АЛМАТЫ. 23 қаңтар. Kazakhstan Today. "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізіп жатқан барлық процедураларды сот заңсыз деп тануы мүмкін. Бұл жөнінде кеше "Алматыжер" МКК-нің заңсыз қызметі жөніндегі деректер" атты баспасөз мәслихатында, кәсіпкерлер мен жекеменшік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

В.Резванның айтуынша, жер учаскесі мен құрылыс нысанының иесі Нина Анисимова Алматы әкімі, "Алматыжер" МКК мен құрылыс компаниясының ("Ғаламат-Арт"ЖШС Оңтүстік Корея компаниясы) үстінен, жекеменшік мүлікті тәркілеу барысында күйеуі Василий Анисимовтың қайтыс болуына байланысты моральдық шығын ретінде 2млн$ талап ете отырып аталған процедураны заңсыз деп тануды сұрап қарсы шағым түсірмекші.

"Бәріңіз білесіздер, бұған негіз - кез-келген әрекетке сенімхат керек. Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов екі сенімхат берген, біреуін "Алматыжер" сот талап еткенде орындайды. Екіншісін әкім "Алматыжердің" 294 жұмысшысының тәркілеу процедурасымен айналысуы үшін берген",-дейді В.Резван. "Қысқасы, егер сізге ескерту келсе, онда "Алматыжер" жұмысшысы өзінің әкімшілік өкілі екенін, өзіңізге көрсетілген сенімхат бойынша ескерту беретінін жазуы керек. Себебі, ескертуді "Алматыжер" емес, тек әкім ғана бере алады. "Алматыжердің" мұндай құзыреті жоқ, заң сенімхатты талап етеді",-деді ол.

В.Резванның мәлімдеуінше, "бүгінгі таңда бірде-бір ескертуге, тұрғын үй ұсынуға қатысты бірде-бір құжатқа немесе ақшалай өтемақыға мұндай сенімхат тіркелмеген". "Яғни заңсыз. Сондықтан да барлық процедураны сот заңсыз деп тануы мүмкін", деді В.Резван. Ол "осы оқиғаның ерекшелігі сол, аталған жағдайда тіпті әкімге де ешқандай наразылық білдіруге келмейтінін" атады. "Бірақ заң бойынша "Алматыжердің" әрекеттері үшін сенімді өкіл , яғни -қала әкімі жауапты",-деді ол.

"2007 жылы 17 қаңтарда Бостандық аудандық №2 соты "Алматыжер" директорының орынбасары Михаил Коржов пен бұрынғы орынбасары Любовь Бурумбаеваны сотқа күштеп, яғни кісендеп әкелу туралы анықтама шығарды. "Любовь Александоровна сотқа шақыра беруге байланысты отставкаға кетті деген күдік бар. Ол тұрғындарды қорғап жатырмыз деп, баспасөз мәслихаттарын табысты өткізіп жүр еді. Біз өз тарапымыздан оған отызға жуық сауал тастадық, оны баспасөзде жарияладық, алайда Бурумбаева ханым отставкаға кетіп қалды",-деді В.Резван.

Тәуелсіз бағалаушы Борис Гузевтің айтуынша, жер учаскесі мен құрылысты тәркілеу барысында "дұрыс баға белгіленуі мүмкін емес, себебі бір нысанға екі -үш бағалаушы баға бергенде әрқайсысында 10-15 есе ерекшелік болады". "Логикаға жүгінсек, базарда тұрғандар 20-30% айырмашықтағы бағаны айта алады. Бірақ дәл осындай айырмашылығы жер мен көктей баға белгілеу мүмкін емес қой. Дәл осы жағдайда "Алматыжер", құзыретті орган әрі сенімді өкіл ретінде , екі бағалаушыны да шақыртып, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін шешуі тиіс. Олай болған емес", деді ол.

Б. Гузевтің сөзіне қарағанда, "Алматыжер" сот сараптамасын жасауды сұрамауы керек". "Екі баға бар, үшіншінің қажеті жоқ, осы екі бағаның шынайысын ажырату қажет. "Алматыжер" де , төреші де сараптама жасауды жиі сұрайды. Сот туралы заңда, төреші лицензиясы бар бағалаушыны таңдауға құқылы делінген. Бірақ, бірде-бір бағалаушыда мүлікті бағалауға, тіпті тәркілеу кезінде баға беруге маманданғаны туралы сертификаты жоқ. Мәселенің осындай ерекше тұстары көп",-дейді Гузев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны