18.01.2007, 13:00 1524

"Алматыжермен" соттасып жатқан мүгедектер отбасы сотқа қарсы шағым түсірді

АЛМАТЫ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше мүгедектер отбасы сотқа қарсы шағым түсірді. Олармен "Алматыжер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны соттасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бостандық аудандық №2 сотында кеше Людмила Бектеміровның төрағалық етуімен екінші топ мүгедегі Андрей Крыловпен оның отбасын жекеменшік құқығынан айыру туралы шағым бойынша сот процесі жалғасты.

Жауап беруші тараптың жақтаушысы Василий Резван сотта, үй иелерінің Алматы әкімдігі ( оның өкілі -"Алматыжер") және учаскедегі құрылысшы компания -"TSC Кұрылыс" ЖШС үстінен "шағым түсірушінің сотқа дейін дауды реттеу жөніндегі әрекетін заңға қайшы деп тану туралы" қарсы шағым жазғанын мәлімдеді. Қарсы шағымда көрсетілгендей , "Алматы әкімдігі тарапынан сотқа дейін дауды реттеу әрекеті жасалмағанын, мойындауды талап етуде".

"Шағымданушы тараптың өкілдері мен үшінші жақ сот мәжілісіне келмеді, олар мәселені бейбіт түрде шешу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын желеу еткен. Олар ешқандайда келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ, тек біздің сенімді өкілдерімізге сес көрсетуде, күнделікті кешкісін құрылыс компаниясының өкілдері келіп, егер бұл мәселе ақпарат құралдарында жариялануын тоқтатпаса , күш жұмсайтындарын айтады. Бізге де, біздің өкілдерімізге де сес көрсетуде",-деді В.Резван.

"Үшіншіден, Салық кодексінің 501 бабының 12 тармағына сәйкес, біздің растаушымызды екінші топтың мүгедегі ретінде мемлекеттік баж салығынан босатуды талап етеміз",-деді ол.

Шағым түсіруші тарапынан куәгерлердің келмеуіне байланысты және сотқа түскен материалдардың аздығына қатысты сот мәжілісін төрайым 23 қаңтарға шегерді. Сонымен қатар , ол жауап берушілерден түскен қарсы шағымның қабылдану қабылданбауы туралы шешім , заңға сәйкес бес күн ішінде айқындалатынын айтты.

Осыған дейін хабарланғандай, қала орталығында, Түркебаев көшесі 232- үйде тұратын жауап берушінің сөзіне қарағанда, бір жыл бұрын құрылысшы компания оған өтемақы ретінде шамамен 35мың$ ұсынған, бір жыл өткеннен кейін бұл сома 120мың$ ұлғайған (жекеменшік үйді "BG Consulting" ЖШС бағалаған). Алайда , А.Крылов бұл соманы жеткіліксіз деп есептейді .Тәуелсіз сарапшы оның үйін 400 мың$ бағалаған.

Айта кетейік, "Алматыжер" МКК директорының орынбасары Михаил Коржов соттан шақырту алудан мүлдем бас тартқан. Оған қоса, жақтаушының сөзіне қарағанда 11 қаңтарда Бостандық ауданының №2 соты "TSC Құрылыс" компаниясына сот орындаушысы арқылы сот актісін, сотқа шақыру және хат жіберген, алайда компания жетекшілері билік өкілін компания аумағына кіргізбеуге бұйрық берген. Қосымша Алматы қалалық ІІБ "Боран 02" қызметі Иуезов ауданының учаскелік полицейлері шақырылған, бірақ сот тапсырмасын орындау мүмкін болмапты.

Сонымен қатар, В.Резванның айтуынша, қиратылатын жер учаскелері мен құрылыс нысандарының иелері , оның ішінде Крылов отбасы да , аталған дерек бойынша тергеу жүргізуді жне "TSC Құрылыс" пен "Алматыжер" жұмысшыларына қатысты шара қолдануын сұрап республиканың бас прокуратурасына шағымданбақшы. "Біз прокуратурадан өткен тендерге қатысты әкімдіктің құрылыс компаниясын ауыстыруына байланысты шара қолдануын сұраймыз",- деді ол. Оның айтуынша тұрғындар "қаланы дамыту жөннідегі бас жоспардың заңға сәйкес жүзеге асуына қарсы емес".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны