15.12.2006, 10:35 2705

"Алма-ТВ" компаниясы Павлодарға тарайтын болды

ПАВЛОДАР. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстандағы кабельді теледидар қызметтерін ұсынушы ірі оператор "Алма-ТВ" компаниясы енді Павлодарға тарайтын болды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Биыл көктемде жалпы республикалық кабель жүйесін құру туралы жоба дами түсті. Павлодар "Алма-ТВ" кабельді теледидар хабарлары тарайтын қазақстандық тоғызыншы қала болмақ,-деді кеше баспасөз мәслихатында компания президенті Бауыржан Жансейітов.

Қазірдің өзінде кабельді теледидар Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Семей, Өскемен, Шымкент қалаларында көрсетіледі,-деп еске салды ол.

Жансейітовтың айтуынша, "Павлодардағы кабель жүйесі озық технология негізінде салынып жатыр. Осыған сәйкес көрермен қалағандарын жоғары сапада көре алады. Бүгінде "Алма-ТВ-де " 70 арна бар.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында павлодарлықтар кабельді телеарнаға төмен бағамен жазыла алады. Жансейіитовтың айтуынша, кабельді телеарнаға қосылмақ болған көрермен, бағасы, оған жазылу шарттары және 2007 жылы толығымен қандай қызмет түрлері ұсынылатынын білсе таң қалары сөзсіз деді,-ол.

"Алма-ТВ" арнасы 1994 жылы құрылған. Ол 1995 жылдан бері негізі тек интернетке қосылу, ірі көлемді ақпарат жүйелер құру /2005 жылдан бері/ сияқты қызмет түрлерімен айналысады.

2006 жылы компания қазақстандық "жыл таңдауы" байқауында ең үздік кабельді телеарна операторы деп танылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны