21.09.2020, 21:00 5304

Алматы қаласында БМСК деңгейінде барлығы 74 медициналық ұйым, 39 мемлекеттік емхана және 35 жеке меншік емхана жұмыс істейді

Сонымен қатар, емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілді. Мобильді бригадалардың саны 5 есеге артты және 409 бригаданы құрайды, бұл дегеніміз 925 медициналық қызметкер. Амбулаториялық деңгейде 270 мыңнан астам науқасқа құны 11 миллиард теңгеден асатын 1 млн-ға жуық медициналық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - 18 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың Алматы қаласының сапары кезінде Алматыдағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСК) қызметінің COVID-19 жаңа толқынына дайындығы туралы айтты.

Алматы қаласында БМСК деңгейінде барлығы 74 медициналық ұйым, 39 мемлекеттік емхана және 35 жеке меншік емхана жұмыс істейді. БМСК медициналық ұйымдарында 9 914 медициналық қызметкер, оның ішінде 2 712 дәрігер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда БМСК ұйымдарына тіркелгендер саны 2 миллионнан астам адамды құрайды.

Сонымен қатар, емханалардың жұмысы мобильді бригадалармен күшейтілді. Мобильді бригадалардың саны 5 есеге артты және 409 бригаданы құрайды, бұл дегеніміз 925 медициналық қызметкер. Амбулаториялық деңгейде 270 мыңнан астам науқасқа құны 11 миллиард теңгеден асатын 1 млн-ға жуық медициналық дәрілік заттармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, амбулаториялық емдеуде жатқан COVID-19 вирусымен ауырған науқастарды басқаруда БМСК ұйымдарына қолдау көрсету үшін Науқастарды мониторингілеу орталығы құрылды. Бұл орталықтың мақсаты - үйдегі тәуекел тобындағы науқастарды, егде жастағы адамдар мен қатар жүретін аурулармен ауыратын науқастарды бақылау. Соңғы айда Орталықтан 2000-нан астам науқасқа көмек көрсетілді.

"Біз БМСК ұйымдарының дайындығына жоғары дәрежеде көңіл бөлдік. Бүгінде қалалық емханалар COVID-19 жаңа толқынына барынша дайын. Жұмыс ковидтік пациенттерге де, сондай-ақ ковидке талдау нәтижесі теріс шыққан пациенттерге де лайықты көңіл бөлуімізге бағытталған, бізде жоспарлы емдеуге жатқызу тоқтап қалған жоқ, барлық медициналық ұйымдар жұмыс істеп тұр" - бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді.

Эпидемия басталғаннан бері емханаларларда қатаң карантин кезеңінде онлайн-консультациялар саны 80% -ға артты.

"Бүгінде емханалардың call-орталығының қызметтеріне 220-дан астам диспетчер тартылған. Бұл телемедицина арқылы науқастың дәрігерге баруын қашықтағы форматқа көшіргеніміздің жақсы көрсеткіші. Осылайша, науқастар өздерінің учаскелік дәрігерлерінің бақылауында. Онлайн-консультациялар дәрігерлердің тұрақты жұмыс режимінің бір бөлігі болды. Менің ойымша, бұл кеңінен қолданылады және постковидтық кезеңде де науқастардың белгілі бір санатына қашықтықтан кеңес алуға болатын қалыпты жағдай болады деп ойлаймын. Бұл науқастың инфекция қаупін азайтып қана қоймай, сонымен қатар науқас үшін де, дәрігердің де ресурстары мен уақытын үнемдейді " - деп Камалжан Надыров айтты.

Денсаулық сақтау министрі Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Алматыдағы №17 қалалық емханада болды.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы ШЖҚ "N17 Қалалық емхана" МКК. Бұл заманауи көпбейінді емхана 2010 жылы ашылған. Медициналық мекеме ауысымына 630 адамды қабылдай алады және медициналық қызметтердің кең спектріне бағытталған. Бұл емханада 85 000-нан астам азамат тіркелген.

"БМСК модернизациялау және басымдықты дамыту негізінде науқастың қажеттіліктеріне айналдыру барлық медициналық қызметтерді" жобасын іске асыру бойынша Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының Жол картасының тапсырмаларын орындау мақсатында емханаға онкологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық және психиатриялық қызметтері біріктірілген. Емханада халыққа қызмет көрсетуде инновациялық технологиялар үздіксіз енгізілуде. 2011 жылы №17 Қалалық емхана Қазақстанда бірінші болып дәрігерлердің қабылдауына алдын ала жазыла отырып, "Кезексіз емханаға" жұмыс режиміне көшті. Емхананың қабаттары бойынша кезекті басқарудың және науқастарды дәрігерлер жұмыс кестесі туралы хабарлауға арналған электрондық жүйелер, online режимінде Мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін навигациялық жүйелер мен картридерлер орналастырылған, онда әрбір адам e-gov порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу техникасын үйренеді. Сондай-ақ, емханада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жағдайлар үнемі жаңартылып, енгізілуде.

Медициналық мекеме таза және лас аймақтарға бөлінген, сүзгілер мен бақылау бекеттері орнатылған. Науқастар ағынын санатқа қарай бөлудің мақсаты - вирустың ішкі таралуын және қызметкерлердің жұқтыруына жол бермеу.

"Айта кету керек, эпидемия шарықтап тұрған кездің өзінде қалада бірде-бір емхана істен шыққан жоқ, олардың барлығы штаттық режимде жұмыс жасады. Медициналық қызметкерлер үшін ЖҚҚ қажетті қорлары сатып алынды, дәрілік заттардың резервтік қоры құрылды. Яғни, бүгінде қалалық емханалардың тұрақты режимде жұмыс істеуі үшін және эпидемияның жаңа өршуі жағдайында жұмыс істеуі үшін қажеттінің бәрі әзірленді және қамтамасыз етілді " - деп Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы, егер емханаға жүгінген науқасқа толық көлемде медициналық көмек көрсетілмесе немесе ол ауруханаға жатқызу мәселесіне тап болса, Бірыңғай медициналық қызметтің call-орталығына 3000-505 нөміріне жүгіну қажет екені хабарлайды. WhatApp арқылы +7 (777) 888-81-03 мәтіндік хабарлама жіберуге болады. Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде қабылданады және толыққанды жауап береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны