28.04.2020, 11:05 6097

Алматы қаласындағы карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізілді

Аталған жедел іздестіру іс-шарасы 2020 жылдың 24-25 сәуіріне қараған түні өткізілді, нәтижесінде ведомство қызметкерлері қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта келушілер мен оның қызметкерлері арасынан құмар ойындарға қатысқан 30-дан астам тұлғаны ұстады.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, наурыз айынан бастап елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласындағы карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операцияны өткізді.

Аталған жедел іздестіру іс-шарасы 2020 жылдың 24-25 сәуіріне қараған түні өткізілді, нәтижесінде ведомство қызметкерлері қала орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта келушілер мен оның қызметкерлері арасынан құмар ойындарға қатысқан 30-дан астам тұлғаны ұстады.

Құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған.

Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казиноның ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ заңсыз әрекеттен түскен бір күндік ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды.

Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жасырын казиноға" қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны