24.03.2019, 21:11 8519

Алматы қаласының №12 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері жүйелі негіздегі парақорлық фактісі бойынша күдікті деп танылуда

Ол "№12 қалалық клиникалық ауруханасы" ғимаратында кәсіпкерлік қызметін кедергісіз жүргізу және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың теңге сомасындағы жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда. Сондай-ақ бас дәрігер медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарт жасасу бойынша мемлекеттік сатып алуда артықшылық көрсету үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен жалпы сомасы 340 мың теңге және 1950 АҚШ доллары көлеміндегі пара алуда күдікті деп танылуда.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - "Алматы қаласының №12 қалалық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері тарапынан жүйелі негіздегі парақорлық фактісі анықталған. Бұл туралы ақпаратты Ұлттық бюроның ресми уәкілі Ж. Бастарова 20 наурызда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Оның айтуынша, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы департаментімен "Алматы қаласының №12 қалалық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің пара алу фактісі анықталды.

Ол "№12 қалалық клиникалық ауруханасы" ғимаратында кәсіпкерлік қызметін кедергісіз жүргізу және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың теңге сомасындағы жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылуда.

Сондай-ақ бас дәрігер медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу және шарт жасасу бойынша мемлекеттік сатып алуда артықшылық көрсету үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілінен жалпы сомасы 340 мың теңге және 1950 АҚШ доллары көлеміндегі пара алуда күдікті деп танылуда.

Сот санкциясымен күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Тергеу жалғасуда".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны