21.09.2020, 20:57 3853

Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы прокурормен кездесті

Осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Онда проблемаларды талқылаудан басқа, оларды шешу бойынша жұмыс нәтижелері жарияланады.

Алматы. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы прокурормен кездесті.

Өңірлік кеңестің кездесу барысында Алматы қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің мүшелері, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтардың, одақтардың басшылары және қаланың белсенді кәсіпкерлері өз құқықтарының бұзылуына байланысты сұрақтар қойып, мәселелерін айтты.

Кездесу әлеуметтік желілерде онлайн көрсетілді.

"Біз бизнесте бар проблемаларды тыңдап және өзіміз үшін анықтағымыз келеді. Бүгінде бизнес көп жағдайда құқық қорғау блогы мен бақылау қызметтерінің жұмысынан зардап шегуде, - деп атап өтті Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев. Осы мәселелердің барлығын талдаумен біз жақын арада міндетті түрде айналысамыз. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің қарауына шығарамыз".

"Мобильді топтардың рейдтері бойынша сұрақтар бар. Кәсіпкерлер палатасына санитарлық қызметкерлерінің қатысуынсыз санитарлық ережелердің сақталуын тексеретін полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдар келіп түсуде. Сондай - ақ, бизнес нысандарын "Алматы СУ" МКК және "Алматы энергосбыт" ЖШС қызметтерінен ажырату фактілері орын алды. Бұған жол беруге болмайды", - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев, санитарлық талаптардың сақталуына жүргізілетін тексерулерді жүйелеуді ұсынды: "Кәсіпкерлердің бизнесі ашылғаннан кейін 1000-нан астам тексерістен өтті. Бұл жүйелік тексерулер емес, бизнес үшін олар түсініксіз. Менің ұсынысым: тексерушілердің арасында СЭС қызметкерлері мен Ұлттық палата өкілдері болуы үшін тексерулерді жүйелеу міндетті. Тексеру ережелері дегеніміз - алгоритм және регламент. Бизнесмендер оларды біліп, талапты сақтау үшін көпшілікке қол жетімді болуы керек".

Сондай-ақ, санитарлық талаптарды орындау, кедендік әкімшілендіру, кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау және т. б. мәселелер талқыланды.

Осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Онда проблемаларды талқылаудан басқа, оларды шешу бойынша жұмыс нәтижелері жарияланады.

"Біз мониторингтік топтар тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесетін боламыз. Біз барлық тартылған органдардың жұмысын осындай фактілер мүмкін болмайтындай етіп үйлестіреміз. Барлық айтылған сұрақтар мен фактілерді біз назарға аламыз. Осы тақырып бойынша жеке кездесуге және барлығын талқылауға дайынбыз", - деді ол.

"Сондай-ақ, бизнесті қорғау мәселелері бойынша мобильді топтың жұмысын жандандыру туралы хабардар етемін. Бұл топ тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласудың барлық фактілері бойынша бірыңғай нөмірге хабарласуыңызды сұраймын: +7701 775 55 00", - деп түйіндеді прокурор.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны