08.07.2020, 22:53 7838

Алматы қаласының әкімі фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізді

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - М. Дурманова: Бірінші кезекте Алматы дәріханалары өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қоғамдастығының басшысы Марина Дурманова Алматының қоймаларында қабынуды тоқтататын және ыстықты түсіретін препараттардың жеткілікті мөлшерде бар екенін айтты.

М. Дурманова қазіргі кезде қала әкімдігінің қолдауы арқасында өндірушілермен және ірі жеткізушілермен бірге халықты дәрі- дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқандығын хабарлады.

"Біріншіден, бұл препараттар Денсаулық сақтау министрлігінің хатттамасында жазылған. Олар - парацетамол, аспирин, ибупрофен. Яғни, қабынуды тоқтатын, ыстықты түсіретін дәрілер. Айтар болсақ, парацетамол қалаға қажетті мөлшерде жеткізілді. 30 мың термометр сатылымға түсті. Енді тағы 40 мыңын жеткізу жоспарланған. Келесі аптада тағы 2 млн жуық парацетомолды тасымалдау жоспарда бар. Көтерме сауда компаниялары тасымалдайтын болады. Демек, Алматы парацетомолмен толық қамтамасыз етіледі", - деді М. Дурманова.

Бұлардан өзге, оның айтуы бойынша қала дәріханаларына система қоятын және шприц сияқты түрлі медициналық заттар да толығымен жеткізіледі.

Қауымдастық басшысы дәріханалар алдындағы кезектер туралы да сөз етті. Мұнда Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар және әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.

"Кезекті азайту үшін біз адамдардың барлығын бірден ішке кіргізе алмаймыз.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келушілер арасындағы қашықтық кем дегенде 1,5-2 метр болуы тиіс", - деді М. Дурманова.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы селекторлық кеңес өткізген болатын. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлікті, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алуды жеделдету қажеттігін қадап тұрып айтты.

Алматыға тауар үздіксіз келуде, 1 млн астам парацетамол келді - "INKAR" фармкомпаниясының бас директоры

Бүгін Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен селекторлық жиын өткізді, онда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Өндірістік компаниялардың, дәріханалық желілердің және салалық қауымдастық өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен жоспарлы жеткізілімдер туралы хабарлады. Сонымен бірге, олар тауарларды рәсімдеу және оларды алу процедуралары туралы айтты.

Дәріханалардағы дәрі-дәрімектердің бар-жоғаны қатысты сұрақтар көлемін ескере отырып, "INKAR" ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова осы жағдай туралы, сонымен бірге кезекке қатысты түсініктеме берді.

"Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, "INKAR" ЖШС-не 1 млн астам парацетамол келді", - деді Әлия Ерімбетова. Сонымен бірге, жүкті жөнелтуге байланысты адам факторы тұрғысынан үлкен қиындықтар бар. Соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр, адамдар тауарды босатып алу үшін демалыссыз еңбек етуде.

Сонымен қатар, ол бұл жаңа вирус және фармкомпаниялар да мұндай дүрлігуді күткен жоқ деп атап өтті. Сондай-ақ, Әлия Ерімбетова өнімнің сапасы бұрынғысынша жоғары деңгейде екеніне сендірді.

"Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз, базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап БАҚ-да көптеген жаман нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды. Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз - енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда - барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық береді", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол дәріханаларда коронавирустық пандемияны ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екендігі туралы түсіндірді.

"Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге деген шиеленіс азаяды", - деді Әлия Ерімбетова.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізді. Қала әкімі тиісті қызметтерге дәрі-дәрмектер мен өнімдердің үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда салықтық және кедендік әкімшілендіруді, сондай-ақ импорттық тауарға сәйкестік сертификаттарын алу рәсімін жеделдетуді де тапсырды.

Соңғы күндері Алматы қаласының аумағындағы дәріханаларға кезек байқалмайды - "ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету бойынша өндіруші зауыттармен, жеткізушілермен және дәріханалармен бірлесіп күшейтілген шаралар қабылдануда.

"ГаухарТас" дәріханалар желісінің директоры Гаухар Исабекова дәріханаларда бұған дейін шынымен де кезектер болғанын хабарлады, дегенмен жағдай тұрақталған.

"Соңғы 1-2 күннен бері үлкен кезектер жоқ. Әлеуметтік қашықтық та сақталуда, қалада ауа райы жылы болғаннан кейін, қауіпсіздік мақсатында дәріханаға 1 адамнан ғана кіргізу шешімі қабылданды", - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, дәрілік құралдар мен препараттарды жеткізу мәселесі де атап өтілді. Аталған жұмыс әкімдікпен бірлесіп жасалған.

"Коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында сұранысқа ие дәрілік препараттар фирмаға келіп жатыр. Мәселен, Алматы қаласының әкімдігімен жасалған қосымша келісім бойынша кеше парацетамол алдық. Бұған дейін 3 күн бұрын жеткізіліп еді", - деп хабарлады Гаухар Исабекова.

Соған қарамастан, дәріханаларда парацетамолды бір қолға 2 данадан береді. Бұл бір жерде аталған дәрімен шамамен 250 адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта парацетамолды жеткізу көлемін ұлғайту күтілуде.

Дәріханалар желісінің басшысы: Дәрі- дәрмектердің бағасын көтеруге біз мүдделі емеспіз

"Садыхан Әлеуметтік дәріхана" ЖШС дәріханалар желісінің иесі Қайрат Әубәкіров пандемия кезінде дәрі-дәрмек және медициналық заттар нарығында бағаның қалай қалыптасатындығын түсіндірді.

К. Әубәкіровтың айтуынша, дүниежүзінде дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуы салдарынан өндірушілер олардың бағаларын өсірген, бірақ Алматының дәріхана желілері Денсаулық министрлігі бекіткен бағаны ұстануда.

"Өндірушілер пандемияға дейін маскаларды 11 теңгемен шығарып, 15 теңгемен сататын. Соңғы жеткізілім бізде 96 теңгеден болды. Кейін өндірушілер бағаны көтерді. Бізді сату бағасымен шектеді. Яғни, бір маска 118 теңгеден сатылатын болды. Ал біз оларды 115 теңгеден сатуға шешім қабылдадық",- деді К. Әубәкіров.

Термометрлердің бағасы туралы да сөз етті. "Қажеттілік туындағанға дейін бір термометр 80 теңгеден сатылды. Қазір олардың сатылу бағасы - 860 теңге. Өндірушілер бағаны көтерді, дистрибьютерлер оларды қолдады, бірақ біз өзіміздің стандарттық бағамызды өзгертпедік", - деді ол.

Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрі-дәрмектерге шекті бағалар енгізілген.

"Егер дәріхана препараттың бағасын көтеріп сататын болса, онда айыппұл төлейді. Екінші рет қайталаса, 6 айға лицензиясының тоқтатылғаны туралы ескертпені алатын болады", - деді дәріханалар желісінің басшысы және бағаны көтеруге өздерінің мүдделі емес екендіктерін де жеткізді.

Алматы дәріханалары дәрі-дәрмектер қорын толтыруда

Еuropharma дәріханалар желісінің бас директоры Нұржан Ниязәлиев қала басшылығының дәрі-дәрмектерді жеткізуде әкімшілік процедураларды жеделдетуге қолдау көрсететіні туралы айтты.

Н. Ниязәлиевтің мәліметі бойынша, Алматыда Europharmа-ның 50 дәріханасы бар. Әлеуметтік қашықтықты міндетті сақтау барысында орталық және ірі дәріханаларда кезектің көптігі байқалады.

"Біздің қызметкерлер кезекті реттейді, ішке маска киген 3 адамнан ғана жіберіледі. Арнайы белгілер де жасалған, қалған келушілер кезектерін сыртта күтеді", - деді Н. Ниязәлиев. Баға қалыпты және тексеруші топтар мониторнг жүргізеді.

Ол қажетті дәрі-дәрмектер 18 шілдеге дейін уақтылы жеткізілетінін айтты. Дәрі-дәрмекті өзге елден шығаруға, құжаттарды рәсімдеуге және жолға уақыт кететінін жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігімен болған кеңесте ірі жеткізушілермен процесті жеделдетудің сөз болғанын тілге тиек етті. Жалпы, барлық күш-жігердің жұмылдырылғанын, қала әкімдігі тарапынан көмек көрсетіліп жатқанын, логистика бойынша проблема жоқтығын әңгімеледі.

Өзінің сөзінде рецептте жазылған дәрілерге деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті. "Система құю үшін глюкоза және басқа препараттар қажет, анальгин жеткілікті. Түнде дәрілерді тиеген көліктерді жөнелттік, антибиотиктер, дексаметазон уақтылы жеткізілуде, біз ауруханалармен тек бөлшектік қана емес, басқа да үрдістер бойынша жұмыс жасаймыз", - деді ол.

Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетімен монополияға қарсы бақылау шеңберінде республиканың 17 өңірінде республикада филиалы бар 43 көтерме өткізушілер мен 109 ірі бөлшек сауда желісінің атына дәрілік заттар бағасының негізсіз өсуіне байланысты бағалық келісім белгілерінің болуы туралы 152 хабарлама енгізілді.

Монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер жасағаны үшін табыстан (түсімнен) 3-5% мөлшерінде айыппұл көзделген.

"Медсервис Плюс" фармкомпаниясы: Алматы әкімдігімен бірге дәрілерді шұғыл жеткізу үшін әкімшілік процедураларды жеделдету бойынша жұмыстар жүріп жатыр

"Медсервис Плюс" КФК ЖШС фармацевтік компаниясының атқарушы директоры Светлана Волченко медпрепараттар мен заттарды жеткізудің және өткізудің ағымдағы жағдайын сөз етті.

"Медсервис компаниясы бүгін жүгі бар көліктерді қабылдады, оларға 220 мың аспирин, 140 мың парацетамол (балалар мөлшері 0.2), 90 мың аскорбинка мен глюкоза, 110 мың цефтриаксон тиелген. Бұл - жалпықазақстандық цифр. Аталған дәрі-дәрмектердің 40%-ы Алматыда қалады", - деді Светлана Волченко.

Оның айтуынша, Алматы қаласының әкімдігі нарыққа дәрі-дәрмектерді дереу жеткізу үшін процедураларды жеделдетуде.

"Өнім тез жеткізілуде, үлкендерге арналған 240 мың парацетамолды қосымша күтудеміз", - деді ол.

Светлана Волченко қала дәріханаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу процесін де айтып берді.

"Процесс онлайн режимде жүреді. Барлық дәріханалар өтініштерін электронды алаңда береді, барлық тапсырыстар таңғы 9-ға дейін орындалады, ал қалғандары келесі күні іске асады. Мүмкіндігінше дәрілер дәл сол күні жеткізіледі. Бір күнде 800-900 өтініш орындалады. Мысалы, өткен аптада түн ішінде Алматыға 100 мың парацетамол жеткізу жөнінде өтініш берілді, ертесінде тапсырыс толық жеткізілді", - деді Светлана Волченко.

Ол өзінің сөзінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жарты жыл бойына ай сайын 500 мың парацетамол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі мәселенің талқыланып жатқанын айтты. Серіктес зауыттың бір ай ішінде 1 млн қаптаманы шығара алмайтынын айтты және "Медсервис Плюс" ЖШС үлкен мөлшерде парацетамол жеткізетін зауыттарды іздестіріп жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық заттарды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету туралы селекторлық кеңес өткізген болатын. Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлікті, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алуды жеделдету қажеттігін қадап тұрып айтты.

Орталық дәріхана директоры: Кезектер бізде бұрыннан болатын

№2 Орталық дәріхананың жетекшісі Айгүл Тілеубердина келушілер саны үнемі көп болғанын -препараттар мен дәрілерді алу үшін адамдардың көп келетінін айтты.

Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан Орталық дәріхана қаладағы ең үлкені. Дәріханада рецептуралық және рецептсіз дәрілік құралдарды, сонымен бірге медициналық құралдарды сататын көптеген бөлімдер бар.

"Бізде тек парацетамол мен аспиринді ғана сатып алмайды. Біздегі ассортимент толық. Кезек бізде бұрыннан болатын. Жай кездің өзінде бізде кезектер. Бұл қалыпты. Мұндай жағдайда біз бәрін дәріханаға кіргізе алмаймыз. Белгілі қашықтық сақтаймыз. Бізде төрт терезе жұмыс істейді, әрқайсысына 5 адамнан тұрады. Енді санай беріңіздер, оны беске көбейтсек 20 адам болады. балалы келушілер болса, онда біз оларды кезексіз кіргіземіз", - деп түсіндірді А.Тілеубердина.

Оның айтуынша, тауарлардың дәріханада бар-жоқтығы жеткізушілерге байланысты. Бүгінгі таңда парацетамол, азитромицин және басқа да жоғары сұранысқа препараттарға қатысты проблема жоқ.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны