11.01.2022, 10:57 28451

Алматы ХҚКО-лары жұмысын қайта бастады

ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.
Алматы ХҚКО-лары жұмысын қайта бастады
Сурет: ҚР ЦИАӨМ
АЛМАТЫ. 11 ҚАҢТАР - Алматы қалалық ХҚКО-лары 11 қаңтардан қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Клиенттерге паспорт пен жеке куәлік рәсімдеу, көші-қон қызметтерінен өзге барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. ХҚКО-лардың жұмыс кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз", - деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

 
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, әзірге еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-лар жұмысы тоқтап тұр.
 
Қазіргі таңда ХҚКО-лар тек Алматы облысында жұмыс істемейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны